TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  Iздеу
Анықтамадан Мәтіннен Түрік бітіктен Транскрипциядан Сілтемеден
Iздейтiн сөз:


Қажетті сөзді теріп болғасын Тап дегенді басыңыз.

Іздеу жүргізілген соң, табылған мәтінге қатысты ескерткіштің аты, мәтіннің сол сөз табылған жолы шығады. Егер ескерткіш атын бассаңыз, сол ескеткіш туралы толық мағлұмат аласыз. Іздеу бетіне қайтып келу үшін терезенің ең жоғарғы немесе ең төменгі сол бұрышында тұрған белгілерді пайдаланыңыз.

Iздеген сөз   біліңдер  66 жерде кездесті
11бұнда: ұрдым: не ненің: сап сөзім: болса: мәңгі: тасқа: ұрдым: содан көре: біліңдер: Түрік енді: бүтін (халық): бектер: бұ өтерге: көруші:бектер ше: жаңылғандарың: мен: м/әңгі тасқа: ұрдым/ Табғач-қытай:қағанда: бәдізші: келтірдім: бәдіздеттім: менің: сөз саптауымды: сыйдырды:
8сап сөзімді: игі бар ғой: Түрік: бектер: бүтін (халық): бұны: естіңдер: Түрік бүтін (халық)н теріп: Ел тұтсақтың: бұнда: ұрдым: жаңылып: өлерсің: және: бұнда: ұрдым: не ненің: сап сөзім: болса: мәңгі: тасқа: ұрдым: оны көре: біліңдер: Түрік енді: бүтін (халық): бектер: бұ өтерге(шаққа): көруші: бектер ше: жаңылғандарсың: мен: м/әңгі тас: ұрдым/
15Он оқ: ұлына: жатыңа: тегі (дейін): мұны: көре: біліңдер: тас тоқытдым: ...жерде...
1Тен Cимін (Тәңірі ұлы, яғни Қытай императоры)! Ертелі-кешке алтын тақтың үстінде отырып қуанармын. Сонша біліңдер: игі ол!
2Ала атты жол Тәңірімін! Ертелі-кешке жүрермін. Басқа екі айлық кісі ұлына кезікті (соғысыпты). Кісі қорықты. Қорықпа депті. Құт беремін депті. Сонша біліңдер: игі ол!
3Алтын қанатты қыран қара құспын. Тәнім түсі дағы түгеспейді. Теңізде жатып таңдағанымды ұстап мен, сүйгенімді жермін. Соншалықты күштімін. Сонша біліңдер: игі ол.
4Ақшыл боз түсті сұңқар құспын мен. Чынтан ағаш үстіне отырып қуанармын мен. Сонша біліңдер.
6Аюлы доңызды (екеуі) өткел үстінде кезіккен (соғысқан) екен. Аюдың қарыны жарылған. Доңыздың азуы сынған дер. Сонша біліңдер: жаман ол!
7Ер асығыс келер, игі сап-сөз ала келер дер. Сонша біліңдер: игі ол!
8Алтын басты жыланмын. Алтын құрсағымды қылышпен кескенде өзім жұлындым. Жұлынған басым үйде дер. Сонша біліңдер: жаман ол!
9Ұлық үй өртенді. Түбіне дейін қалмады. Төбе қабатына дейін күйді дер. Сонша біліңдер! Жаман ол!
10Есінеген барыспын. Қамыс арасында басым сонша алып менің. Ерден мен. Сонша біліңдер!
11Сары атты сап-сөзшісі, бос атты елшісі игі сап-сөз ертіп келер дер. Сонша біліңдер! Жаман игі ол!
12Ер аңға барған екен. Тауда қам-бақсылық жасаған екен. Тәңіріде ерік дер. Сонша біліңдер! Жаман ол!
13Тәңірілік қарт жұртта қалған екен. Майлы қамыс (қасық?) тапқанда майлана тірілген екен. Өлімнен озыпты дер. Сонша біліңдер!
14Құзғынды ағашқа апарыпты (байлапты). Қатты ма, бос па дер! Сонша біліңдер!
15Үстінде тұман тұрды, астында тозаң тұрды. Құс балапаны ұшып азды (жаңылды), киік төлі жүгіріп азды (жаңылды), кісі ұлы жорытып азды (жаңылды). Және Тәңірі құтында үшінші жылда барлығы есен түгел көрісіпті. Барлығы қуанып сүйініпті. Сонша біліңдер! Игі ол!
16Тұралау ат семіріпті. Жерін сүйіп жоғары барыпты. Басқа жерде ұры кезігіп ұстап мініпті. Жалына жонына дейін жараланған қамшыға салғанда тұрар дер. Сонша біліңдер! Жаман ол!
17Мініс ат өңір (шығыс) жерде арып шаршап қалыпты. Тәңірі күшінен тау үсті жол су көріп, орман үсті жасыл от (шөп) көріп жорытып барып су ішіп өлімнен құртылыпты дер. Сонша біліңдер! Игі ол!
18Кереге үй іші не тек ол? Түндігі не тек ол? Көздеуі не тек? Көруге ол! Үсті не тек? Игі ол! Бауы не тек ол? Бар ол дер. Сонша біліңдер! Жаман игі ол!
19Ақ ат қарсысының үш болғанын (болмысын?) таластырып табыну жалбарыну итерген дер. «Қорықпа, игі өтін! Айныма, игі жалбарын!» дер. Сонша біліңдер! Игі ол!
20Тітір (?) бурамын. Ақ боз көбігімді шашармын. Үсті Тәңіріге тиер, асты жерге кірер дер. Ұйқыдағыны оятып, жатқанды тұрғызып жорытармын. Сонша күштімін. Сонша біліңдер: игі ол!
21«Қары үпгүк (құс) жыл (өтсін) өзгермес (қолға үйренбес)» деді. «Өтінбе, көрме, үркіттің» дер. Сонша біліңдер!
22Ұзын тонды (әйел) айнасын көлге тастапты. Ертеңі жылап, кешке күңіреніпті дер. Сонша біліңдер. Мұңды ол. Онысы жаман ол!
23Ұлан көкек қауырсынын тапты. (Онымен) сәнденген қалындық құтты болсын дер. Сонша біліңдер: игі ол!
24Соқыр (тек?) құлын еркек жылқылар арасында емшек тілейді. «Күн ортасы өтіп түн ортасы қайда, неде болғай?» ол дер. Сонша біліңдер! Жаман ол!
25Екі өгізді бір дәртеге жегіпті. Қамалып тұра беріпті дер. Сонша біліңдер! Жаман ол!
26Таң ағарып (таңарып), одан жер жарықтанды, одан күн туды. Барлық үсті жарық болды дер. Сонша біліңдер! Игі ол!
27Бай ер қойы үркіп барып бөріге кезігіпті. Бөрі аузы емшекке тиіпті. Есен түгел болыпты дер. Сонша біліңдер! Игі ол!
28Хан отырып орда жасады, елі тұрды. Төрт бұрыштағы игісі (теріліп) жиналып қуанып шаттанды дер. Сонша біліңдер! Игі ол!
29Ойын (құмар) еркек ұлын, кісісін тұтқын (бәске) ұрып ойнағалы барды. Ұлын, кісісін ұтылмады. Қайта тоқсан бас қой ұтты. Ұлы мен әйелі көп қуанды дер. Сонша біліңдер! Игі ол!
30Шығай (кедей) ер ұлы қызмет қылуға барыпты. Жолы жарапты. Қуанып, шаттанып келіпті дер. Сонша біліңдер! Игі ол!
32Бір тобылғы жүз болды. Жүз тобылғы мың болды. Мың тобылғы түмен (он мың) болды дер. Сонша біліңдер, пайдасы бар, игі ол!
33Киізді суға салыпты (сұғыпты). «Тағы ұр! Қатты ма?» дер. Сонша біліңдер. Жаман ол.
34Хан соғысқа барыпты. Жауын шаншыпты. Көшіріп, қондырып келер. Өзі, әскері қуанып, шаттанып ордасына қарай келер дер. Сонша біліңдер: игі ол!
35Ер соғысқа барыпты. (Қайтар) жолда аты арыпты. Ер аққу құсқа кезігіпті (соғысыпты). Аққу құс қанатына отырып қалықтап барып анасына, әкесіне жетіпті. Анасы, әкесі қуанып шаттаныпты дер. Сонша біліңдер: игі ол!
36Көп аттыдан қуаныш жоқ. Аз аттыдан қорқыныш жоқ. Ұшарлық құтың жоқ дер. Сонша біліңдер. Сондай жаман ол!
37Бір кәрі өгіздің белін кесе құмырсқа жепті. Қозғала алмай тұрар дер. Сонша біліңдер: жаман ол!
38Қамыс арасында қалыпты. Тәңірі ұнамдық сенімді қатұн болсын дер. Сонша біліңдер. Игі ол.
39Атты теріс кісендепті. Қозғала алмай тұрар дер. Сонша біліңдер: жаман ол.
40Батыр ұрпақ(ұрық) жасын (оғын) жартасты қақ жара ұрған. Жалғыз жортар дер. Сондай алып еді. Сонша біліңдер: игі ол!
42Ұзын тонды (әйел) ыдыс-аяғын қойып(қалдырып) барыпты. Қайтадан жақсы ойланыпты. «Ыдыс-аяғымды тастап қайда барам?» дер. Қайта келіп ыдыс-аяғын алып, есен-түгел болыпты. Қуанып, шаттаныпты дер. Сонша біліңдер: игі ол!
43Сұңқар-құс өзен құсын аулай барыпты. Басқа жыртқыш қара құс қалықтап барыпты дер. Сонша біліңдер. Жаман ол.
44Сұңқар құс Тәңіріден (төменге) қарай «қоян» деп ағыпты. Сұңқар құс тырнағын сұқты. Қайтадан ұшқанда сұңқар құстың тырнағы ұйып қала беріпті. Қоян терісі ұйпаланып жүгіре беріпті. Солай дер. Сонша біліңдер. Жаман ол.
45«Киік ұлымын. Отсыз, сусыз қалдым ғой. Қанша жүрейін?» дер. Сонша біліңдер. Жаман ол.
46Түйе балшыққа түсіпті. Басында (шөп) жеген өзін, (соңында) түлкі жепті дер. Сонша біліңдер: жаман ол!
47Ер еңбектеп (құлшылық жасай) барыпты. Тәңіріге кезігіпті(соғысыпты). (Тәңіріден) құт қолқалапты (сұрапты). (Тәңірі) құт беріпті: «ауылыңда жылқың болсын. Өзің (өмірің) ұзын болсын» депті. Сонша біліңдер. Игі ол.
48Кәрі жол Тәңірімін. Сынығыңды сыпырармын. Үзігіңді жалғармын. Елді еткішпін. Игісі болсын дер. Сонша біліңдер.
49Барыс киік аулауға маңайға барыпты. Сол жерде таутекеге кезігіпті (соғысыпты). Ала тау теке жартас қияға өрмелей барыпты. Өлімнен озыпты. Өлімнен озғанына қуанып шаттанып жүріпті дер. Сонша біліңдер: игі ол!
50Тоқ? атты құйрығын тігіп тура жазыққа қой. Жауыр ат тоғыз қат үш ерің? топталғанша терлесін дер. Сонша біліңдер: жаман ол!
51Жыртқыш қара құспын. Жасыл қия жайлауым. Қызыл қия қыстауым. Ол тауда тұрып қуанарымын. Сонша біліңдер!
52Ер босаң, Тәңірі бұлтты болды. (Бұлт) арасына күн туды. Қайғы арасына қуаныш келді дер. Сонша біліңдер: игі ол!
53Боз бұлт жылжыды. Бүтін (халық) үстіне жауды. Қара бұлт жылжыды. Барлығының үстіне жауды. Тары пісті. Жас от өнді. Жылқыға, кісіге игі болды дер. Сонша біліңдер: игі ол!
54Құл сабы(сөзі) бекке қарай өтіну. Құзғын сабы(сөзі) Тәңіріге қарай жалбарыну. Үстіде Тәңірі естіді. Астыда кісі білді дер. Сонша біліңдер: игі ол!
55Алып ер ұлы соғысқа барыпты. Соғыс жерінде ерікті (сөз)сапшы төре етеміз дер. Үйіне қарай келгенде өзі (төре) атаныпты. Қуаныш атын жетектеп келер дер. Сонша біліңдер. Анық игі.
56Үйірге құтты айғырмын. Жаңғақ ағаш жайлауым, құсты ағаш қыстауым. Сонда тұрып қуанармын дер. Сонша біліңдер: игі ол!
57Ғашығы өліпті. Көңілдесі тоңыпты. Ғашық неге өлген ол? Бек еді ол. Көңілдесі неге тоңады ол? Күн көзіне отырар ол. Сонша біліңдер: бұл ырық басында аз-аз қайғы бар екен. Қайта игі болар.
58Ұлы анасына, әкесіне өкпелеп безе барыпты. Қайта сағыныпты. Келіпті. «Анам өтінішін алайын, әкем (сөз-)саптауын тыңдайын» деп кетіпті дер. Сонша біліңдер: игі ол!
59Жылға тигенді жүдетпейін, айға тигенді арытпайын. Игісі болсын дер. Сонша біліңдер. Игі ол.
60Тоғыз айыр мүйізді киікпін. Бәдіз тізе үстіне мініп мөңірермін. Үстіде Тәңірі естіді, астыда кісі білді. Сондай күштімін мен дер. Сонша біліңдер: игі ол!
61Тырна құс түстенуге қоныпты. Тоймайтын тұзаққа ілініпті. Ұша алмай отырар дер. Сонша біліңдер. Жаман ол.
62Жарағұн киікпін. Жайлау тауымның ығында жайылып тұрармын. Қуанармын дер. Сонша біліңдер: игі ол!
63Хан сүңгісі(әскері) аңға шықты. Сағыр(қоршау) ішіне елік киік кірді. Хан елікті ұстады. Қара түгел сүңгісі(әскері) шаттанар дер. Сонша біліңдер: игі ол!
64Көк боймыл сұңқар құспын. Көретін қияға қонып көздеймін. Жаңғақты тал тұғыр үстіне түсіп жайлаймын дер. Сонша біліңдер: анық игі ол!
65Семіз ат аузы қатты болды. Иесі (аша) алмады дер. Сонша біліңдер: жаман ол.
66Енді қарғам, ұланым, сонша біліңдер: бұ «Ырық бітік» – игі ол. Сондықтан әрікім өлуге ерікті ол.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт
қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.