қазрусeng
:
:
 
Таңба таңда

Оқылуы
Бұл таңба қазіргі қазақ тіліндегі дауысты ү және ө дыбыстарына сәйкес. Мысалы, () үстінде деген сөзде ү деп айтсақ, () көк деген сөзде ө деп айтамыз.
Ажырату
Таңбаның ү немесе ө екенін қазіргі қазақшаның кириллица әліппесінде ажыратып жазамыз. Дыбысы ұқсас болғандықтан түрік бітікте олар бір таңбамен белгіленеді.
Орны
Таңба сөздің басында, ортасында, соңында келе береді.
Транскрипция
Транскрипцияда латынның ü және ö әріптері пайдаланылады.
[üze] үстінде; [kök] көк.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.