қазрусeng
:
:
 
Таңба таңда
Көне түрік бітікте «а,е,о,ұ,ө,ү,ы,і» сегіз дауысты бар. Бұл сегіз дауыстыны төрт таңбамен ықшамдап таңбалаған. Бұлар сөзді немесе сөздің жалғауларын ажыратуға қолданылған. Ал сөздің түбірлерінде өте сирек кездеседі. Мысалы,
«бар», «бер» дегенде «БР» жуан, жіңішке екі тұлғамен таңбалаған. Ал, ерін дауыстыларды
«бор, бұр» дегенде «Б-о//ұ-Р» деп, «бөр,бүр» дегенде «Б-ө/ү-Р» деп,
«быр» дегенде «Б-ы-Р» деп,
«бір» дегенде «Б-і-Р» деп таңбалаған.
Сөздің ортасында немесе сөздің соңында әсіресе жалғаулардағы дауыстылар «а/е», «о/ұ», «ө/ү», «ы/і» тұлғасында төрт қана таңбамен таңбаланған.
Дауысты дыбыстар көп таңбалана бермеген. О, Ұ, Ө, Ү дыбыстарына сәйкес дыбыстар сөздің түбірінде міндетті түрде жазылған. Ал А, Е, Ы, І дыбыстарына сәйкес таңбалар сөздің басында көп кездеспейді. Олар сөздің соңында кездеседі.
Әр таңбаның түсіндірмесі Оқылуы, Ажырату, Орны, Транскрипция деген бөліктерден тұрады.
Оқылуы деген не?
Таңбаны қазіргі қазақ тіліндегі дыбыстарға сәйкес қалай оқитынымыз түсіндіріледі.
Ажырату деген не?
Таңбаны оқып отырғанда қалай ажыратып тану керек екені айтылады.
Орны деген не?
Таңбалардың кейбірі сөздің басқы бөлігінде, кейбірі соңғы жағына жалғанып тұрады. Мұны білу таңбаны тануда көмегін тигізеді. Бұл жерде орны туралы мәлімет қорындағы жинақталған мәліметтерді статистикалық тексере отырып тұжырым жасалған.
Транскрипция
Ғылыми-зерттеулерде түрік бітікті оқуда латын әріптерімен жазылатын транскрипция пайдаланылады. Түрік бітікті зерттейтін ғылыми еңбектерді түсіне білу үшін әр таңбаның транскрипциясын білу маңызды.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.