қазрусeng
:
:
 
Көне түрiк тiлiнде:

Көне түрiк тiлiнде іздеу көне түрiк әліппесімен жасалады. Қажетті сөзді теріп болғасын Тап дегенді басыңыз.

Іздеу жүргізілген соң, табылған мәтінге қатысты ескерткіштің аты, мәтіннің сол сөз табылған жолы шығады. Егер ескерткіш атын бассаңыз, сол ескеткіш туралы толық мағлұмат аласыз. Іздеу бетіне қайтып келу үшін терезенің ең жоғарғы немесе ең төменгі сол бұрышында тұрған белгілерді пайдаланыңыз.
Ескерту: Internet Explorer броузерінен басқаны қолданушы Түрік бітік шрифтін орнатып алуы керек. Көмек бетінде қалай орнату керегін оқып алуға болады.

Таңбаны пернетақтадан тергенде, латын әріптерімен төменде көрсетілген сәйкестікті пайдаланыңыз.
B C D F G J K L N O
Q R S T U V W X Y a
b c d g i j k l m n
p q r s t u w x y z
Iздеген сөз 3 жерде кездесті
44
Biz jeme: süledimiz: anï ertimiz: Jenčü ügüzig: keče: Tinsi oγulï: yataγïma: Biŋlig eki taγïγ: ertü...
Бiз және: сүңгiледiмiз: оны ерттiмiз: Йенчү (Інжу) өзендi: кеше: Тiнсi ұлы: жатағыма: Мыңлық (Біңлік) екi тауды: қуалай:...
Мы еще воевали и преследовали их. Переправившись через реку Жемчужную, перейдя гору Бинлик – где жил сын Тиньси...
We were still fighting and pursuing them. Having swimming cross the Pearl river, crossing the Binlik mountain – where Tinsi’s son lived…
46
anta berüki: As-oq baslïγaru: Soγdaq: budun: qop kelti: jükünti: ..tegti: Türük budun: Temir Qapïγqa: Tensi oγulï:
сонда бiрiккен: Ас-оқ бастаған: Соғды: бүтін (халық): көп келдi: жүгiндi: ол күнде: тидi: Түрiк бүтін (халық): Темiр қапығқа: Тенсi ұлы:
Тогда пришел и повиновался весь согдийский народ во главе с Асуком... . В те дни Тюркский народ достиг до Железных ворот.
The whole sogdian people leading by Asuk came and obeyed… those days the Turkic people reached the Iron Gates.
47
Tensi oγulï: yataγma taγqa: tegmisïdï yoq ermis: ol jerte: ben Bilge Tuтuq-uq: tegürtük üčün
Тенсi ұлы: жатағыма тауға: тимес иесi жоқ едi: ол жерде: Мен Бiлге Тұнық-ұқ: тектеп апарғаным үшiн:
В горах, где пребывал сын Тиньси не было хозяина. Когда я, Мудрый Тоньюкук дошел до этого места,
There was no master in the mountains where Tinsi’s son lived. When I, Wise Tonyukuk, reached that place,
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.