қазрусeng
:
:
 
[Bay balїq] Байбалық
«Бай қала». Түрік қағандығының Ел-етміш Білге қаған тарапынан соғдылықтар мен қытайлықтарға салдырған - Байбалық қаласы ( жергiлiктi халық : «Бийбулаг» деп атайды) Ел етміш Білге қаған (747- 759 ж. билік құрған ) бірінші (Мойын-чұр) бітіктасының мәтінінде: «Soγdaq: Tabγačqa Seleŋede: Baybalïq yapïtï bertim: - Соғдақ: Табғач-қытайларға Селеңгеде: Байбалық жасатып (бұйрықты) бердім» делінеді. Көне түрік тілінде Baybalïq > Байбалық деп аталды. Орналасуы: солтүстік ендік – 49 0 23 ' 729 '', шығыс бойлық – 102 0 30 ' 299''. Теңіз деңгейінен: 938 м. Қазіргі Моңғолияның Бұлғын аймағы, Хутаг-Өндөр сұмынынан 11 км батыста. Селеңгі өзенінен солтүстікте 2 км жерде тегіс жазықта орналасқан. Түрік Елінің солтүстіктегі «ұйғыр» этносаяси бірлестігінің Ет етміш Білге қаған (747- 759 ж. билік құрған) кезінеде салдырған қаласы. Қағанның бұйрығымен оның әсем де көркем салынуына соғдылықтар мен табғач (қытай) шеберлері қатысқан. Селеңгі өзені бойындағы қала. Бөлек бөлек қамалды үш қорғаннан құрылған , 1-қамал (238х235х378х232 м), 2-қамал (142 х 149 х158 х149 м), 3-қамал (329х314х332х320 м) болғандығы анықталынған және ол орындардан әр түрлі кезеңдерге қатысты керамика қыш ыдыстардың сынықтары табылған. Жергілікті тұрғындардың және зерттеушілердің хабарлауы бойынша осы қала орнында көне түрік бітік немесе көне ұйғыр жазулы ескерткіш болған делінеді. Алайда нақтылы мәлімет жоқ. (Д. Баяр Уйгурын Байбалык хотын тухай тэмдэглэл // Sturdia Archaelogica Institute Archaelogici Academiae Scientiarium Mongolicae Улаанбаатар, 2003. Tomus I (XXI) Fasc. 10 . 93-109 . ). Аталмыш қаланының орнын жергілікті халық «Бийбулагийн балгас» (Бийбұлақтың қалашығы) және «Бийбулагийн сүм» (Бийбұлақтың монастры) деп атайды.
Байбалық қаласының жалпы көрінісі (Н. Базылхан, 2007 ж.)
Байбалық қаласының сызба жобасы (Н. Шираши, Д.Баяр, Ц.Баттулга, 1998 ж.)
Бұрын осы қаланың орнында буддалық монастр салынғандықтан Бийбұлақтың монастры деп аталған. Сол монастрдың орны әлі де сақталынған. 1949 ж. С.В. Киселев , Х.Пэрлээ бірлі-жарым қазба жұмыстарын жүргізген болатын. Одан кейін 1975 жылы С.Г. Кляшторный ал, 1982 және 1986 жылы осы қала жайлы және ол жерден табылған керамика сынықтары сипаттамаларын Ю.С. Худяков жазған. 1996-1998 жылдары Моңғолия-Жапония ғалымдары Д. Баяр, Н. Ширайши, Ц. Баттулга аталмыш қалада арнайы зерттеу жүргізіп, қаланың 1970 жылғы әуефотосурет негізінде аталмыш қала үш қамалдан тұратынын толық анықтаған. Сондай-ақ қаланың үш құрылыс орнының топографикалық сызбасын, өлшемдерін жасап, археологиялық жерүсті жәдігерлерді жинаған, қала аумағындағы 4 дана арыстан бейнелі тасмүсіндердің суретін сызып, жалпы қаланың орны мен құрылыстық құрамы жайын анықтаған.
Ел Етмiш Бiлге қаған (Мойын-чұр) ғұрыптық кешенi және бітіктастары
41

tapïγ: berti: .........söziŋe yazmayïn tedi: yaŋïlmayïn: tedi: yiče: boltï: ...Soγdaq: Tabγačqa Seleŋede: Baybalïq yapïtï bertim:

...берді:... ... ...сөзіне жазаламайын дедім: жаңылмайын: деді: жақсы игі: болды:...Соғдық: Табғач -қытай Селеңгеде: Байбалық жасауды (бұйрықты) бердім:
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.