Халық, ел, жұрт деген мағыналы сөз. Бұл сөз «бүтін, бой, толық, дене, тұлға, ірі кесек» деген мәнді boy-//bod-//bud-//büt- түбір морфемадан туындаған. Қазіргі қазақ тілінде «бой, бүтін, биік, бұдан-» тұлғасында ғана сақталынған. Көне моңғол тілінде bütün> бүтүн> бүтэн - «толық, барлығы, бәрі, ірі», bodu> бодұ> бод - «үлкен, ірі, ірі қара» деген мағынада сақталынған. |