TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  Этномәдени сөздік
[balbal] балбал
Балбал көне түрік сөзінiң құрамы bal +bal (соғу, қағу, ұру) > balbal екi бөлшектен қайталанып жасалынған. Онда «тасты тiп-тiк етіп қадап орнатқан белгiлер» деген мағынаны білдіреді. Көне түрiк тiлiндегi balγa (aGLB балға), balta (aTLB балта), balïq (kLB 1. балшық, батпақ, лай 2. қала, қорған, қамал) және т.б. сөздерiмен түбiрлес «тiк кеңiстiк бойынша тiзiлу, қадалу, тұрғызылу» деген семантикасымен ортақ мағыналы болып келеді.
Ел етміш йабғұ ғұрыптық кешені балбалдары. Моңғолия, Онгин өзені.«Идэр» ғұрыптық кешені балбалдары. Моңғолия, Цээцүүх өзені.
«Тауешкі, таяқ» таңба мен «Ышбара тархан балбалы » деген мәтін қашалған балбал Моңғолия, Онгин өзені. Ел етміш йабғұ ғұрыптық кешені балбалы.«Тауешкі» таңбасы қашалған балбал. Білге қаған ғұрыптық кешендегі балбалдардың бірі Моңғолия, Орхон өзені.
Балбал сөзінің этномәдени жөн-жосығы көне түрік дәуірінде (VI-IXғғ.) айрықша болды. Көне түріктерде өліктің аруағына арналған ғұрыптық кешендері болды. Көне түрiк ғұрыптық кешен құрамында арнайы барық-кесене, қорған, сандықтас, мәтін жазылған бітіктас, оның тұғыртасы немесе тасбақасы, бәдіздер (тасмүсіндер), балбалдар ( саны 10 - 600 данадан астам) және т.б. құрамдас бөлшектері қамтылды (Марғұлан Ә.Х. Ұлытау төңірегіндегі тасмүсіндер / Ежелге мәдениет куәлары. Алматы, 1966. ; Маргулан А.Х. Сочинения . Том 3-4. Петроглифы Сарыарки. Гравюры с изображением вольчего тотема. Каменные изваяния Улытау. Алматы, 2003. С.22-45. Иллюстрация №1-153.; Археологическая карта Казахстана. А., 1960.; Бейсенов А. Балбал // Түркістан халықаралық энциклопедия. Алматы, 2000. 173б. ). Көне түрік ғұрыптық кешендерінің көпшілігі далалық көшпелі этносаяси бірлестіктердің қаған, тегін, йабғұ, тархан, чұр, тұдұн және т.б. билік иелерінің, түрік бекзаттарының құрметіне арналып жасалынды. Қарапайым халықтарға арналғандары да бар. Осы кешендерде аза тұту, ас беру, жылдығын беру немесе аруаққа бағышталған сый-құрметтері үшін қоғамдық-әлеуметтік ерекше маңызды «yoγï > жоқтау» ғұрыптық жосындар атқарылған. Өліктің аруағына тағзым ету үшін яғни аруағын жөнелтуге және ас беруге қатысқандар өздерінің ел-жерінен әкелген ұзын тастарды, сол өлікке арналған арнайы ғұрыптық кешеннің күншығыс бағытына қарай ара-жігі шамамен біркелкі қашықтықта тізбектеп тігінен орнатқан. Осындай тас тізбектерді көне түрік тілінде «balbal - балбал», «аlp erin balbal qïsdï - алып батыр ердiң балбалын көтерді//қадады» деп атаған. Білге қаған, Күлтегін бітіктастарында: аqanïm qaγan:bašlayu: Baz qaγanïγ: balbal: tikmis:(Ағам/әкем/ қаған бастай Баз қағанға балбал тікті); alp erin ölürüp balbal qïlu bertim: (Алп ерін өлтіріп балбал жасай бердім); Uqug Seŋünig balbal tike bertim: (¦құқ Сеңүнге балбал тігіп бердім); bašlayu:Qïrγïz: qaγanïγ: balbal: tikdim: (бастай Қырғыз қағанға балбал тікдім); Онгин бiтiктасында: Alp: erin: balbal: qïsdïm: (алып: ердiң: балбалы (н): қысты//қадады ); Sabïra:tarqan:balbalï: (Сабыра: Тарқан(ның): балбалы) деп кездеседi. Балбалдарға өз ру-тайпасының таңбаларын немесе көне түрік бітік жазуымен өз атын, лауазымдық атақтарын жазу салты болды. Демек көне түріктерде yoγï > жоқтау рәсiмiне қатысқан адамдар өлiктiң аруағын Тәңiрге, көкке ұшырып жіберуге (uča bar- ұша баруға, ұшып кетуге) жәрдемдесетін, аруағын құрметтеген белгi ретiнде балбал қадап орнатқан. Аталмыш «балбал» сөзінің «тас тізбек, қадаған тас» деген мағынасы қазіргі қазақ тілінде « адам бейнелі тас мүсін» (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі . 2 том. Б-Г. Алматы, 1976. 77 б.; Қазақ тілінің сөздігі, Алматы, 1999. 80 б.) деген ұғымға ауысып кеткен. Сол себептен бәдізді де (тасмүсінді), тік орнатылған тастарды да «балбал» немесе «сынтас» деп атай бергені, қазақтардағы сонау көне түріктік тарихи сабақтастықтың сарқыншағын дәлелдейді (Бұл ретте balbal – балбал сөзi жайындағы қытай жазба деректерінде кездесетін «балбалды жауынгердiң өлтiрген жауларының белгiсi» дегені, кейбір зерттеулерде «жерлеу, жоқтау, ас беру кезiнде аттарын байлайтын тастарды арнайы әкелiп тұрғызған» деп қарастыруы көне түріктердің этномәдени болмысын жете түсінбегендіктен туындаған қате пікірлер. / Кызласов Л.Р. О значении термина «балбал» древнетюркских надписей //Тюркологический сборник. М., 1966. С. 206-208.; Древнетюркский словарь. М.,-Л..1969. С.80. ; Clauson S.G. An etymological Dictionary of Pre- Thirteenth Century Turkish. Oxford, 1972. p 333. ) Balbal qïsdï> балбал қысды . Балбал көтерді, өзара жақын етіп орнатты деген сөз. Balïq > Балық: Көне түрік тілінде «қала, қалашық» деген сөз. Көне түріктерде «балық» дегеніміз төртбұрышты салынған арнайы қоршау қорғаны бар, биік қамалды бір немесе екі қақпалы құрылыс. Осындай қала қағанның негізгі ордасы, қыстауы болды. Бұл қалада тек ғана қағаннан кейінгі ең жоғарғы дейгейдегі билік-төрелік иелері, ойардың «бөрү» қорғаушылары, көмекші қызметшілері өмір сүрген. «Балық»-қа йабғұ, шад, бұйрұқ, бектер, тегіндер жғне әскери-әкімшілік жүйесінің тамғачы, бітікші т.б. лауазымды иелері ғана кіруге хұқықты болды.
Мәлімет қорынан қара
Мына ескерткіштерде осы сөз кездеседі
Ел етміш (Білге атачым) Йабғұның ғұрыптық кешенi және бiтiктастары
3
алып: ердiң: балбалы(н): қысты (қадады): Түрiк бүтін (халық): аты: жоқ: болып: барған: еді: Түрiк бүтін (халық): жетiмсiремесiн: дей: жолай жем болмасын: дей:үстi(ңгi): Тәңірi: деген /екен.../

alp: erіn: balbal: qïsdï: Türük budun: atï yoq: bolu: barmïš: erti: Türük budun: jіtmezin: tejin: yoluq ermezin: tejin: öze: Teŋіri: ter er/mis: .../

Күлтегiн ғұрыптық кешені және бiтiктасы
16

törüg: qаzγanïp: uča: barmïs: аqaŋïm: qaγanqa: bašlayu: Baz qaγanïγ: balbal: tikmis: ol törüde: öze: ečüm qaγan: olurtï: ečüm qaγan: olurupan: Türük: budunïγ: ječe іtdi: іgіti: čïγaŋïγ/: bay: qïltï: azïγ: üküš: qïltï:/

төре(лік)ті: қаз тұрғызып: ұша: барды: әкем: қағанға: бастай: Баз қағанды: балбал: тіккен: ол төре(лік)те: үсті: атам қаған: отырды: атам: қаған: отырып: Түрік: бүтін (халық)ты: жекеше жақсы етті: жетілдірді: шығайды: /бай: қылды: азды: көп: қылды:/
Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
13

jeti: yolï: sülemiš: jegirmi: süŋüš: süŋüsmiš: Teŋіri: yarïlqaduq üčün: elligig: elsіretmiš: qaγanlïγïγ: qaγansïratmïš: yaγïγ: baz qïlmïs: tizelіgig: sükürmiš: bašlïγïγ: jüküntümiš: qaŋïm: (qaγan ... törüg: qаzγanïp: uča: barmïs: )аqaŋïm: (qaγanqa: bašlayu: Baz qaγanïγ: balbal: tikmis: ...)

жеті: жолы: сүңгіледі: жиырма: сүңгілес (соғыс): сүңгілесті: Тәңірі: жарылқадық үшін: Елдікті: елсіретті: қағандықты: қағансыратты: жауды: басып басымдылық қылды: тізелікті: шөктірді: бастықты: жүгіндірді: әкем: (қаған:...төре(лік)ті:қаз тұрғызып: ұша: барды: ) әкем: (қағанға: бастай: Баз қағанды: балбал: тікді:... )
Этномәдени сөздікпен қатар Түрік бітік мәтін қорында көне түрік-қазақ сөздігі бар.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт
қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.