Ačïna > ачына. «Ачына». Бұл ретте Ačïnu - Ачынұ – көне түріктерді моңғол тектес этностар «čïnuw-a>čïnu>čоnо >чоно (бөрі, қасқыр)» деп атаған. Ačï+de – оның көптік топтамалау мағынаны білдіретін тұлғасы (бөрілер, қасқырлар деген мәнде). Қытайлықтардың моңғол тектестерден үйреніп атағаны осы – Ačïnu, Ačïde болса керек. Бұл атаулар түрік бітіктастар мен ескерткіштерінде және де ешбір көне түрік мәтіндерінде кездеспейді. Сол себептен де «ашина» және «ашиде» деген екі тайпа, аталық-аналық екі тек деп қарастыру шындыққа жанаспайды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше «қаған әулеті- ашина , тотемі- қасқыр, таңбасы- тауешкі (серке), аспанның елшісі тауешкі (жоғарғы әлем). Әйел тарапы- ашидэ (ұлу, айдаһар), таңбасы- . Тотемі-айдаһар, арыстан, культі –Ұмай (төмеңгі әлем), жер-су» болған. Ол ғалымдар хотан-сақ тілінде аssejna- «көк», ашидэ – орта парсы тілінде azdahak- « айдаһар» деген мағына білдіреді, сол сөздерден туындаған деп зороастризмге теліп қарастырады (Ю.А. Зуев Ранние тюрки: очерки истории и идеологии, Алматы, 2002, 25, 86-87 бетте. (ашина (дневное небо, кек тюрк) каганский , ашитак / кит. Ашидэ; др. тюрк. аждаха- дракон /катунский линии «iki jyltyz» ). Tr'wkt '(')šyn's > Түрік ашинас (Татпар қаған бітіктасы, В1.1-жол) : Аталмыш қос сөз көне соғды тілінде хатталынған. Мұндағы «ашинас» атауы қытай жылнамалық белгілерулерінде A-schi-na>Ашина деген сөз. Онда аталмыш атау әуелі қаған әулетінің аталарының бірінің аты болды, одан кейін сол әулеттің ру атауына айналған. Сондықтан қытайлықтар ( және соғдылықтар) моңғол тектес этностардың činuw-a>čïnu>čоn > чоно (қасқыр-ашина), činuw-a+s // činuw-a+d> чоно+с//чоно+д (қасқырылар-ашидэ) деп атауынша көне түріктерді қаған әулетінің атымен атап кеткен. Сонымен қатар моңғол тілдестердің türüg > түрүг дегенін қытайлықтар «duluga>дулга» деп те атаған, ал кейінірек түрік дегенді қытайлықтар «туцзюе, тукуюй» тұлғасында хаттаған. |