TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  Этномәдени сөздік
[Ačïnu] Ачынұ
Ačïna > ачына. «Ачына». Бұл ретте Ačïnu - Ачынұ – көне түріктерді моңғол тектес этностар «čïnuw-a>čïnu>čоnо >чоно (бөрі, қасқыр)» деп атаған. Ačï+de – оның көптік топтамалау мағынаны білдіретін тұлғасы (бөрілер, қасқырлар деген мәнде). Қытайлықтардың моңғол тектестерден үйреніп атағаны осы – Ačïnu, Ačïde болса керек. Бұл атаулар түрік бітіктастар мен ескерткіштерінде және де ешбір көне түрік мәтіндерінде кездеспейді. Сол себептен де «ашина» және «ашиде» деген екі тайпа, аталық-аналық екі тек деп қарастыру шындыққа жанаспайды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше «қаған әулеті- ашина , тотемі- қасқыр, таңбасы- тауешкі (серке), аспанның елшісі тауешкі (жоғарғы әлем). Әйел тарапы- ашидэ (ұлу, айдаһар), таңбасы- . Тотемі-айдаһар, арыстан, культі –Ұмай (төмеңгі әлем), жер-су» болған. Ол ғалымдар хотан-сақ тілінде аssejna- «көк», ашидэ – орта парсы тілінде azdahak- « айдаһар» деген мағына білдіреді, сол сөздерден туындаған деп зороастризмге теліп қарастырады (Ю.А. Зуев Ранние тюрки: очерки истории и идеологии, Алматы, 2002, 25, 86-87 бетте. (ашина (дневное небо, кек тюрк) каганский , ашитак / кит. Ашидэ; др. тюрк. аждаха- дракон /катунский линии «iki jyltyz» ). Tr'wkt '(')šyn's > Түрік ашинас (Татпар қаған бітіктасы, В1.1-жол) : Аталмыш қос сөз көне соғды тілінде хатталынған. Мұндағы «ашинас» атауы қытай жылнамалық белгілерулерінде A-schi-na>Ашина деген сөз. Онда аталмыш атау әуелі қаған әулетінің аталарының бірінің аты болды, одан кейін сол әулеттің ру атауына айналған. Сондықтан қытайлықтар ( және соғдылықтар) моңғол тектес этностардың činuw-a>čïnu>čоn > чоно (қасқыр-ашина), činuw-a+s // činuw-a+d> чоно+с//чоно+д (қасқырылар-ашидэ) деп атауынша көне түріктерді қаған әулетінің атымен атап кеткен. Сонымен қатар моңғол тілдестердің türüg > түрүг дегенін қытайлықтар «duluga>дулга» деп те атаған, ал кейінірек түрік дегенді қытайлықтар «туцзюе, тукуюй» тұлғасында хаттаған.
Мәлімет қорынан қара
Этномәдени сөздікпен қатар Түрік бітік мәтін қорында көне түрік-қазақ сөздігі бар.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт
қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.