қазрусeng
:
:
 
[jïlan] йылан
Jïlan > Čilen > Чілен. «Жылан балық». Түріктердің ордалық қалалардың бірі - «Чилэн» . Бұл қала Орды-балық қаласы мен Күлтегін, Білге қағанның ғұрыптық кешендері және «Құтты» таудағы қаған билік иелерінің некрополіне жақын орналасқан бұрын-соңды зерттелмеген. Орхон өзені алқабындағы аралда салынған. Қаланың жалпы құрылыстық ерекшеліктері, әсіресе, оның фортификациясы және қағанның сарайы жақсы сақталынған. Орналасуы: солтүстік ендік бойынша- N-47° 45¢ 411 ² ; шығыс бойлық бойынша- E-102 ° 38 ¢ 648 ² . Теңіз деңгейінен: 1324 м. Қазіргі Моңғолия, Арханғай (Өгий нуур) аймағы , Өгийнуур бақ, «Чилэн» деген жерде орналасқан. Орды-балық (Қара-балық) қаласының солтүстігінде, Өгий нуур көлінен 2,5 км жерде орналасқан. Аталмыш қаланының орнын жергілікті халық Čilen balgas > Чилэн балгас яғни «Чилен қалашығы» және «Чилэн», «Чилэнгийн балгас», «Чилэн хангай», «Чилэнгийн тохой» деп атайды.
«Чилэн» қала-бекінісі. Шығыс тарапы (Н. Базылхан, 2007 ж.)
Кейбір зерттеушілер «Чилэн» деген көне моңғолша Čilaγun > чылағұн > чулуун //чулуу «тас» деген сөз деп те қарастырады. Орхон экспедициясы аталмыш қаланың жергілікті атауын сол кездері «Тайдшин-джило» яғни «ханзаданың тасы» деп белгілеп хаттағаны да бар. Көне түрік тілінде қалай аталғаны белгісіз. Jïlan> Жылан>Čilen деп аталуы ықтимал деген пікір бар. Аталмыш қала жайлы В.В. Радлов басқарған экспедияциясы 1891 жылы алғаш рет жалпы сызба жобасын жасаған. Онда осы қала-бекінісіті «Тайдшин-джило» деп қарастырған. Одан кейін Д.Д. Букинич бірлі жарым анықтама жасады, С.В. Киселев , Х.Пэрлээ бұл қаланы ұйғыр дәуіріне тән деп қарастырады.
Or. 8212 (161) "Ырық бітік" қолжазба кітабы
8
Алтын басты жыланмын. Алтын құрсағымды қылышпен кескенде өзім жұлындым. Жұлынған басым үйде дер. Сонша біліңдер: жаман ол!

altun : baslïγ : yïlan : men : altun : quruγsaqïmin : qïlïčïn : kesipen : özüm : yul : intin : basïmïn : yul : ebintin : tir : anča : biliŋler : yablaq : ol.

Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.