қазрусeng
:
:
 
[Yolluγ qaγan] Йоллұғ қаған
Yolluγ qaγan > Йоллұғ қаған ( ? - ? ж.). «Жолды тегін, Жолы жақсы тегін». Қағандық атағы: Йоллық қаған. Өз аты:.? Ұйғыр этносаяси бірлестігінің Ел етміш Білге қағанның (747- 759 ж) екінші бітіктасы мәтінінде : « Jolluγ qaγan, /Tоrïyan qaγan ?/ , Bumïn qaγan: üč qaγan olurmïš: eki jüz yïl olurmïš - Йоллұқ қаған, /Торыйан қаған?/, Бұмын қаған: үш қаған отырған:екі жүз жыл отырған» (16-жол) деп кездеседі. Демек Бұмын қағанның арғы атасы қытай деректеріндегі T’u-kűe No-tu-lu schad > Түрік Нодулу шад (// Түрік Йоллұқ шад?) болу керек.
Ел Етміш Білге қағанның (Тариат//Тэрх) екінші бітіктасы
16

).....Jolluγ qaγan(Torïjan qaγan? (218)(Bumïn qaγan: üč qaγan olurmis: eki jüz jïl olurmiš

......Йоллұқ қаған/Торыйан қаған?/ Бұмын қаған:үш қаған отырған: екі жүз жыл отырған:
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.