|
|
|
[yoγ] йоғ |
Көне түрiк ғұрыптық кешендері Орталық Азияда өте мол кездеседі. Оның құрамында арнайы barïq > барық-кесене, қорған, мәтін жазылған bitiktaš > бітіктас, оның тұғыртасы немесе тасбақасы, bediz > бәдіздер (тасмүсіндер), balbal > балбалдар (саны 10 - 600 данадан астам) және т.б. құрамдас бөлшектері қамтылды. Осы кешендерде аза тұту, ас беру, жылдығын беру немесе аруаққа бағышталған сый-құрметтері үшін қоғамдық-әлеуметтік ерекше маңызды yoγï > йоғұ - жоқтау ғұрыптық жосын-жоралғылар атқарылған. Ел етміш йабғұ бітіктасы мәтінінде « Bilge atačïm yoγïŋ aluruγïŋïn qazγantïm – Білге Атачымның йоғұн, асын жасап өткіздім» деп кездеседі. |
|
|
Күлтегiн ғұрыптық кешені және бiтiктасы |
13 |
|
| Күлтегін: қой: жылғы: жеті: жиырмаға: ұшды: тоғызыншы ай: жеті отызға: жоқтау: жосынын жасадық: барығын: бәдізін: бітіктасын: мешін жылғы: жетінші ай: жеті отызға: тұрғыздық: Күлтегін: өзі қырық: артық: жеті жасында: болған-ды: бас барығын: бұнша: бәдізшік: тұйғын: Елбетер: келтірті: | | Kültegin: qoň: jïlqa: jeti: jegirmeke: učdï: toquzïnčï ay: jeti otuzqa: yoγ: ertürtümüz: barïqïn: bedizin: bitig tašïn: bičin jïlqa: jetinč ay: jeti otuzqa: quplatïmïz: Kültegin: özі qïrq: artuq: jiti yašïn: boltït: taš /barïqïn/: bunča: bedizčig: tuyγun: El teber: kelürti: | Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы |
11 |
|
| Türüküme: budunuma: jegin: anča qazγanu: bertim: bunča: qazγanup: aqaŋïm qaγan: it jïl: onunč ay: altï otuzqa: uča: bardï: laγzïn: jïl: birinči ay: jeti: otuzqa: yoγ: ertürtim: Buquγ Tutuq:...
| | Түрікіме: бүтін (халық)ыма: жинай: сонша қаз тұрғызып: бердім: бұнша: қаз тұрғызып (иеленіп): әкем қаған: ит жыл: оныншы ай: алты отызқа: ұша барды: лағзын (доңыз): жыл: бірінші ай: жеті: отызға: жоқтауын: өткіздім: Бұқұғ Тұтұқ: ... |
|
|
|
|
|
|
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы
"Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды.
Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.
|
|