қазрусeng
:
:
 
[Kültegin] Күлтегiн
Мұның мағынасын зерттеушiлер күл- «даңқты, атақты», күл- «от, оттың күлi», көл- «теңiз, көл су» және т.б. түрде түсiндiредi. Түрiк бiтiктастарында кездесетін «Күлтегiн, Күлтұдын, Күлiчұр, Күлүг» секiлдi атаулардағы күл- сөзiнiң мәнi бiреу. Ол: « Ат, жылқыға, көл+iк // күл+iк, сәй-гүлiкке мықты берiк адам, атқа бекем ер» деген сөз. Әсіресе Күлтегiн жорық шабуылға қаншама рет аттанды, соншама сәйгүлiк тұлпарға мiнгенi туралы ескерткiште анық айтылған. Сондықтан Күл + сөзiне - тегiн, тұдын, чұр және т.б. атақтары қосылып этномәдени атауы қалыптасқан. Демек , Күлтегiн – «сәйгүлiкке берiк бекем ер, атқа мықты бекзада» деген сөз. Бітіктаста Күлтегiннiң жорыққа шыққанда мiнген аты, айғыр арғымақтары ерекше сомдалып айтылған. Оның себебi көшпелiлер үшiн ат-жылқының орны ерекше болған. Арғымақ жорыққа шыққанда, шабуыл кезiнде оның ең сенiмдi серігі, нағыз досы. Сондықтан да атты, арғымақты қастерлеу салты далалық көшпелілер үшін зор маңызға ие болды сол арқылы да далалық болмыс бай саналады. Түрiк Елінің жиһангер қолбасшысы. 685 ж. Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған.
Күлтегіннің мәрмәр бәдізінің басы. 732 ж. Моңғолия, Орхон өзені. «Көше цайдам» алқабы. (Д.Баярдың сызбасы).
Құтлық (Елтерiс) қағанның екiншi ұлы, Бiлге қағанның туған iнiсi. Шешесi Елбiлге қатұн. Күлтегiн көшпелiлер тарихындағы ең көрнекті көсем, баһадүр тұлғалардың бiрi. Қытай деректерінде «Кюе-деле//Кюе-целе». Ол атақты «Модун, Шыңғыс, Баты» қағандарымен пара-пар, тiптi өзi қаған аталмағанымен Түрiк Елінің ірі қолбасшысы, күллi көшпелi этностарды көк байрақтың астына бiрiктiрушi, ұлы көшпелілер империясының сабақтастығын, дәстүрлі жорығын , жосынын жалғастыра бiлген кемеңгер ер, дара тұлға. Оның қылышына төтеп берген адам баласы ол заманда болған емес.
Күлтегін бәдізінің жаңғыртпасы ( Н. Базылхан, 1998ж.) Күлтегін бітіктасының жаңғыртпасы (Н. Базылхан, 1998ж.)
Күлтегiн 7 жас кезiнде әкесi Құтлық (680-692 ж. билік құрған) қайтыс болады. Қаған тағына оның iнiсi Қапаған (692-716 ж.) отырады. Күлтегiн мен Бiлге, Қапағанның iнiсi Бөгүнi (716 ж.) тақтан тайдырып, қағандық билiктi Бiлге қолына (716-734 ж.) алады. Күлтегiн ұлы империя үшiн көптеген ру-тайпа, одақ, ұлыстарды бағындыруда ерекше ерлiгiмен көзге түсті. Ол 16 жасынан бастап оғыз, қытан, татабы, табғач (қытай), қырғыз, түргеш, соғды және т.б. елдерге жорық жасап оларды бағындыра бiлген баһадүр қолбасшы.
Күлтегiн ғұрыптық кешені және бiтiктасы
27

tijin: Türük: budun: üčün: tün udïmadïm: küntüz: olurmadïm: іnim: Kültegin birle: eki šad: birle: ölü jitü: qazγandïm: anča qazγanïp: bіrіki: budunïγ: ot sub qïlmadïm: /men... jersayu /

дейін: Түрік: бүтін (халық): үшін: түн ұйықтамадым: күндіз: отырмадым: інім: Күлтегін бірлесе: екі шад: бірлесе: өлі жіті: қаз тұрғыздым: сонша қаз тұрғызып: біріккен: бүтін (халық)ты: от су қылмадым: /мен...жер сая /
Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
21

ögüm qatunïγ: kötürіgme: Teŋіri: Еl bеrigme: Teŋіri: Türük: budun: atï küsü: yoq bolmazun: tijin: özümüz: ol Teŋіri: qaγan: olurtadï erinč: neŋ yïlïsïγ: budunta: üze: olurmadïm: ičre ačsïz: tïšra: tonsuz: yabïz yablaq: budunta: (üze: olurtum: inim Kül) tegin eki šad: birle: sözlešdimiz: аqaŋïmïz:

шешем-өгейім қатұнды: көтеруші: Тәңірі: Ел беруші: Тәңірі: Түрік: бүтін (халық): аты көсегесі: жоқ болмасын: дейін: өзіміз: ол Тәңірі: қаған: отыртған еді: нең ылдилы: бүтін (халық)қа: үстіне: отырмадым: ішінде: ашсыз: тысында: тонсыз.жабы жабайы: бүтін (халық)та: ( үсті: отырдым: інім Күл ) тегін екі шад: бірлесе:сөздестіміз: әкеміз:
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.