қазрусeng
:
:
 
[Qarluq] Қарлұқ
«Қарлұқ». Түрік тектес тайпалар одағы. Қарлұқтар Алтай тауының батысы Зайсан, Аракөл, Ұрұңғұ көлдері мен Қара Етірс , Тарбағатай бойын мекендеген. Түрік Елінң батыс қанатының қағаны Тұн йабғұның (618-630 жж.) билігінде болды.
Күлтегiн ғұрыптық кешені және бiтiктасы
1
...бірлесе: Құшұ Тұтық: бірлесе: сүңгілестіміз: ерін: көп: өлтірді: үйін: барлығын: көп: келтірді: Күлтегін: жеті отыз (27): жасында: Қарлұқ: бүтін (халық): еріп барып: ерікті: жау болды: Тамағ Ыдұқ: басында: сүңгілестіміз:

...: birle: Qošu tutuq: birle: süŋüšmüs: erin qop: ölürmüš: еbin barïmïn: qop: kelürti: Kültegin: jeti otuz: jašïŋa: Qarluq: budun: erür barur: erikli: yaγï boltï: Tamaγ ïduq: bašta: süŋüšdümüz:

Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
29

bir yašïma: Qarluq: budun: buŋsïz erür: barur: erikli: yaγï boltï: Tamaγ ïduq: bašda: süŋüšdüm: Qarluq: budunïγ: ölürtim: anta altïm: ...dïm: Basmïl: ...edü...Qarluq: budun: tеrilip: kelti: ...sančdïm: ölürtim: Toγuz Оγuz: meniŋ: budunïm: erti: Тeŋiri: Jer: bulγaqïn: üčün:ödiŋ.....

бір (31)жасыма: Қарлұқ: бүтін (халық): мұңсыз еріп: барып: ерікті: жау болды: Тамағ Ыдұқ: басында: сүңгілесдім: Қарлұқ: бүтін (халық)ды: өлтірдім: сонда алдым: ...дым: Басмыл: ...игі...Қарлұқ: бүтін (халық): теріліп: келді:...шанышдым: өлтірдім: Тоғыз Оғыз: менің: бүтін (халық)ым: еді: Тәңірі: Жер: бұрқағы: үшін: өті...?
Күлі-чұр ғұрыптық кешені және бітіктасы
6

.../Kü/li Čur: jeti yašïŋa: jegir: ölürti: /toquz yašïŋa:/ azïqlγï: toŋuz:: ölürti: Qarluq: yaγïtuqda: Tezde: süŋüšdükde:

....Күлі Чұр: жеті жасында: жирен: өлтірді: /тоғыз жасында/: азулы: доңыз: өлтірді: Қарлұқ: жаулағанда: Тезде (өзен): сүңгілескенде:
Ел Етмiш Бiлге қаған (Мойын-чұр) ғұрыптық кешенi және бітіктастары
37

kelti: ...Qarluq: ...sekizinč ay: üč yaŋïqa: yorïdïm: ......Qarluq tirigi barïp: Türügeske: kirti: yana tüsip:

келді:...Қарлық:... ... ...сегізінші ай: үш жаңасы: жорыттым: ... Қарлық тірегі барып: Түргешке: кірді: жаңа түсіп:
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.