қазрусeng
:
:
 
[Qaŋγay] Қаңғай
Хұн, Сяньби, Жужан одан Түрік Елі кездерінде қағандардың ордасы қазіргі Моңғолия Орхон өзені бойындағы өте шұрайлы алқап болды. Бұл Қаңғай деп аталды. Бұл атау байырғы түрік тілінде * qan +*qan > qanqan > qaŋgan> qaγan деп өрбіген атаумен ұқсас өрби келе qaŋ+gan > qaŋ+γay > қаң+ғай деген тұлғасында қалыптасқан. Басқаша айтқанда «қанның кеңі, қағандар мекені» деген семантикалық мәнде қолданыла бастап, сол байырғы атауы бүгінге дейін сақталынды. Осы Қаңғай атауы көне түрік бітіктастарда Өтүкен деп аталған.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.