қазрусeng
:
:
 
[Tuňuquq] Тұнық-ұқ
Tuñuquq> Тұнықұқ. ( 646 ж. - 732 ж.) көне т.б.: Bilge : Tuňuquq. Қытай деректерінде: Тон-йо-гу, Туньюгу. Түрiк Елінің Елтерiс, Қапаған, Бiлге қағандарына бiлiктi данышпан, сұңғыла тұлғасы болған - Тұнық-ұқ 646 (?) ж. Туыл (көне түрiк тiлiнде Tuγula // Toγula ) өзенi бойында туған . Бiлге қағанның қайын атасы. Қытай деректерiнде Тұнық-ұқ Бiлге қағанға «Пофу немесе Софу» есiмдi қызын берген делiнген. Бұл көне түрiкше «Бөбү немесе Себү //Себек» дегенге саяды. Тұнық-ұқ 731-732 жылдары 85-86 жасында қайтыс болған. Бiлiктi Тұнық-ұқ , Елтерiстiң iнiсі Қапаған (қытай деректерiнде Мочжо<Бекчұр) қаған (692-716 ж.) мен Бiлге қаған (716-734 ж.) тұсында табғач (қытай), қытан, оғыз, татабы, қырғыз, түргеш, соғды және т.б. елдерге жасаған жорықтарға қатысып, өзінің ақылдығымен ерекше көзге түскен. Түрiк қағандығының астанасы Өтүкендi таңдауға да көп үлес қосқан. Bilge : Tuňuquq : «Тоньюкук»-тың атын В.В.Радлов Тонjукук, С.Е.Малов , П.Аалто, Дж. Клоусон, А.Н. Кононов, В. Насилов Tuηuquq деп қарастырады. В.Томсен, Х.Н.Орхун, И.В.Кормушин мұны Toyuquq, Қ.Сартқожа Tuj-uquq (Тұй+ұқұқ // Тұйғын+ой сана) деп оқыды.
Тұңықұқ ғұрыпқы кешені мен бітіктасыТұңықұқтың бәдізі
Р. Жиро Tony Yuquq «майлы тон, майланған тон-iшiк», В.М. Наделяев Tujuq-oq «тұяқ -оқ // тұяқша», Али Елеве Tonjuquq «тұңғыш уәзiр», Т.Текин Tunyuquq «тұңғыш уәзiр», С.Г. Кляшторный қытайша юань-чжень лауазымының көне түрiкшесi Tonjuquq «тұңғыш мұрағат» деп жорамалдайды. Л.Н.Гумилев, Ф.Хирттың Ашиде-юань-чжень мен Тұнықұқ бiр адам деген пiкiрiне күмән келтiредi және олар екi бөлек адам, екеуi де қытайда тәрбиеленген дейдi.
Тұңықұқ бітіктасы
А.С. Аманжолов «-нй//-нч» дыбыстық сәйкестiгiне сүйенiп Тоньюкук аты «tunuq-tunjuq-tunčuq+uq» «тұнжыраған, қайғырған, қайғылы» деген мағыналы деп қарастырады. Қараңыз: Наделяев В.М. Чтение Орхоно-Енисейского знака «…» и этимология имени Тоньюкука. // Тюркологический исследования . М., Л., 1963. С. 197-213; Кляшторный С.Г. Тоньюкук Ашидэ Юаньчжень //Тюркологический сборник . М., 1966. С. 202-205.; Аманжолов А.С. Графика таласских енисейских и орхонских надписей. // Қазақ тiлi мен әдебиетi. КазГУ. 3, Алматы, 1973.; Аманжолов А.С. История и теория дренвнетюркского письма. Алматы, «Мектеп» . 2003. С. 56-57.Бiздiң пiкiрiмiзше түрiк бiтiгiнде Tuňuq-Uq / Tuňïq-Oq деп белгiленген. «ñ» - фонемасы «таңдай дауыссызы» болып табылады . Тұнық // Тұнұқ – «тұнық, , тұңғиық , тереңге жеткен» немесе «кiршiксiз таза мөлдiр , сұңғыла» деген мағыналы сөзге + ұқ // оқ «ұғым, ой , бiлгiрлiк» деген мәндi сөзi бiрiгiп «тұңғиық таза ақыл ойдың иесi, хакiмi» Тұнық-ұқ // Тұнұқ-ұқ деген ұлы данышпан бабамыздың ырым-жосындық аты деп танимыз.
Тұнық-ұқ ғұрыптық кешені және бiтiктасы
1

Bilge Tuňuquq177 : ben özüm: Tabγač eliŋe: qïlïntïm: 178Türük budun: Tabγačqa: ükü erür erti179 :

Бiлге Тұнық-ұқ: мен өзiм: Табғач елiнде: қылындым (өмiр сүрдiм): Түрiк бүтін (халық): Табғачқа: тобымен ерген едi:
Күлі-чұр ғұрыптық кешені және бітіктасы
1

...üčün (apa) tarqan Čїqan Toňuquq: atïγ: bermiš:

... үшін /Апа/ тархан Чықан Тұнұқ-ұқ: атағын: берген:
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.