қазрусeng
:
:
 
[Toqïz Oγïz] Тоғұз Оғұз
Түрік тектес тайпалар одағының атауы. Сөздің төркіні «тоғыз тайпалықтар» деген мәнде. Қазіргі орталық Моңғолияның Орхон, Туыл өзендері бойын мекендеген түрік тілді ең ірі тайпалар одағы.
Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
1

Teŋіriteg: Тeŋiri: yaratmïš: Türük: Bilge: qaγan: sabїm: aqanїm: Türük: Bil/ge: qaγan: bödüke: olurtum:/anta: їmtї: al… tїsї er: Toquz Oγuz: eki Ediz ker külüg:begleri budunї: ......Türük: Тeŋiri:...

Тәңірiтек: Тәңірi: жаратқан: Түрiк: Бiлге: қаған: сап-сөзім: ағайыным: Түрік: Біл/ге: қаған: бұ өтерге: отырдым:/ сонда: енді: ...тысы ер: Тоғыз Оғыз: екі Едіз кер күлік(атақты): бектерi бүтін (халық): ... ... Түрік: Тәңірі:...
Тұнық-ұқ ғұрыптық кешені және бiтiктасы
9

körüg: sabïntaγ: Toquz Oγuz: budun: öze: qaγan: olurtï ter: Tabγačγaru: Qunï Seŋünig: ïdmïs: Qïtañγaru: Toŋra Semig: ïdmïs: sab anča ïdmïs: azqïŋa: Türük

көрiк-елші: сөзiнде: Тоғұз Оғұз:бүтін (халық): үстi: қаған: отырды: дер: Табғачқа қарай: Құны Сеңгүндi: итерген: Қытан қарай: Тоңра Семiк: итерген: сөз сонша итерген: аз ғана: Түрiк
Күлі-чұр ғұрыптық кешені және бітіктасы
4

...anta: kerü: barïp: Yenčü: ügüzüg: keče: Temir Qapïγqa: Tezikke: tegi sü/ŋüšdükde/: qazγantï: Toquz Oγuzqa: jeti: süŋüš: süŋüšdükde:

...сонда: кері: барып: Йенчү (Інжу): өзенді: кеше: Темір қапығқа: Тежікке: тие:сүңгілескенде:қаз тұрғызды (иеленді): Тоғыз Оғызға: жеті сүңгілес:сүңгілесті:
Ел Етмiш Бiлге қаған (Мойын-чұр) ғұрыптық кешенi және бітіктастары
5

yanа: ...i: Toquz Oγuz budunïmïn: etirü qubartï: altïm аqaŋïm: Kül /bilgе qaγan/......

тағы:...: Тоғыз Оғыз бүтін (халық)ымды: итере қопсытты: алдым әкем: Күл /Білге қаған/...
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.