|
|
|
[tamγa] тамға |
Көне түріктер таңбаларын «tamγa» деп атады, ол екі мағынаны білдірді. Біріншісі - «ру, тайпалардың белгісі, таңбасы», екіншісі «қағанның алтын мөр белгісі». Көне түрік бітік тілінде аталмыш сөздің түп-төркіні *tap- // * tab- (семантикасы: бірдеменің ізі, қалдығы, із қалдыру - «таптау, табы, табандау») // > tam- ( семантикасы: - «тамызу, күйдіру, белгі ен басу ») > tam+γa > tamγan (tamγa+n / tamγa+čï - семантикасы: мөр жасаушы, мөр таңба сақтаушы) > taŋba («таңба, таңбалау») деген бағытта дамып өрбіген. Көне моңғол тілінде taba > тав (табы), tamaγa> тамага> тамга (таңба) тұлғасында сақталынған. Көне түрік таңба-белгілердің бірнеше деңгейлері бар: онда Түрік Елінің ең жоғарғы билеушілері – қаған, йабғұ, шад, тегіндердің елтаңбасы, одан кейін - чұр, тархан, бек және т.б. билік тұлғаларының таңбалары, сонымен қатар ру, тайпа, одақтардың эмблемалары (бір таңба және оның бірнеше түрлері); жеке тұлғалық және аталық отбасының таңбалар (жеке тұлғалық, жылқы, малға салатын ен белгілері және т.б.). Жалпы, көне түрік дәуірінде таңбасыз бітіктастар мен ескерткіштері мүлдем кездеспейді, таңбалар міндетті түрде қашалынған. Таңба - көшпелілер әлемінде «әскери-саяси құрылымның ақпараттық түйіні», сан алуан этностардың әлеуметтік-қоғамдық қатынастырының ерекше белгісі.
|
|
|
|
|
|
Білге қаған, Күлтегін бітіктасы |
«Хөшөө-цайдам-2» бәдізі |
«Қарабалға-сұн-2» бітіктасы |
«Чойр» бәдізі |
«Өнгөт» ғұрыптық кешенінің барығы |
|
|
|
|
|
|
«Шивээт улаан» арыстан тасы |
«Дэл уул» жартасы |
Ел етміш йабғұ бітіктасы («Онгийн») |
Ел етміш йабғұ ғұрыптық кешенінің балбалы |
«Шатар чулуун» барығы |
Білге қаған ғұрыптық кешені бәдізі |
Қазіргі Моңғолия жерінде түріктердің ғұрыптық кешендері мен бітіктастарында көптеп кездесетін таңбалардың бірі «қаған таңбасы, арқар таңбасы». Аталмыш таңба және тағы басқа көптеген таңбалардың этносемантикалық жөн-жосығы жайында зерттеулер мардымсыз. Қытай жылнамашылары моңғол тектестер арқылы činuw-a > чоно (ачина) // чонод (ашидэ) деп атаған көне түрік қаған әулетінің осы тайпа атауы хотан-сак, орта парсы тілінің «snys> асена»- көк, «аштак/ашидэ»- айдаһар (жылан?) деп жорамалдауы шындыққа жанаспайды. Көне түрік тілінде қасқырды börü> бөрү деді. Демек түрік қаған әулетінің «қаған таңбасының» арғы мәні «бөрі-бүркіт-арқар» болу керек. Бұл үшқырлы таңбада (Сурет-8) «құстың тұмсығы, қасқырдың қол, аяғы, арқардың мүйізі мен құйрығы» синкреттік тұлғада сызылған тәрізді деуге әбден болады. Оған Хұн дәуірінің «Ноен уул» сырмақтағы қасқыр, құс бейнелері, түрік, моңғол тектестердегі қасқыр, құстың кие тотемдері börü+ qut //qus > бөрү+құт//құс + bürküt > бүркіт деген сөздің семантикасы дәлел бола алады. Бұған қоса Күлтегін, Білге қағанға арналған ғұрыптық кешендерінен табылған бес сайлы бөрік пен алтын тәждің құс бейнелері [7], Шыңғыс қаған қият- боржығын (бөрітегін) әулетінің ақ сұңқар (čaγan šiŋqor) кие тотемі, Керей хандығының ханы Тұғырыл ( «жыртқыш құс») атауы де қызықты деректер баршылық. Және де Махмұд Қашғаридің «Түрік тілдерінің сөздігі», Рашид-ад дины «Жамиат-тауарих», Әбулғази Баһадүрдің « Шежире-и түрік», «Дафтар-и Чингизнаме» және т.б. жазбаларда түрік, моңғол тектес этностардың тотем, «оңғондарының» барлығы құс екендігі (бүркіт, сұңқар, қаршыға, қырғи және т.б. ) айтылады. Ендеше көшпелілерде құс, жыртқыш құс Тәңірінің символы, көшпелі болмыста этномәдени ерекше орын алатын тарихи деректердің бірі. Тіпті «Тәңіріге құстай ұшып кетті» ( uča bar-) деп те айтылады. Жалпы, көне түрік дәуірінде таңбасыз бітіктастар мен ескерткіштері мүлдем кездеспейді, таңбалар міндетті түрде қашалынған. Таңба - көшпелілер әлемінде «әскери-саяси құрылымның ақпараттық түйіні», сан алуан этностардың әлеуметтік-қоғамдық қатынастырының ерекше белгісі. Демек көшпелі этносаяси бірлестіктер мен одақтардың таңба, белгілерін тарихи хронологиялық тұрғыдан: Хұн дәуірінің таңба, белгілері ( б.з.д. I- б.з. III ғ.) , Түрік Елінің таңба, белгілері ( VI-VIII ғ.) , Ұйғыр, қырғыз этносаяси бірлестігінің таңба, белгілері (IX-XI ғ.), Моңғол дәуірінің таңба, белгілері (XII-XIVғ.), Түрік, моңғол хандық кезеңінің таңба, белгілері (XV-XIX-XIVғ.) деп қарастыруға болады. |
|
|
|
|
|
|
|
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы
"Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды.
Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.
|
|