қазрусeng
:
:
 
[tabγač] табғач
«Тауғаш//табғаш». Табғачтар. Қазіргі атау бойынша «қытайлар». Б.з. IV-VI ғасырларда «Табғачтар // тобалар» солтүстік «қытай» Вэй (386-534 ж.) мемлекетін билеген жатылай көшпелі этнос болған. Қытайға толық сіңіп кеткен соң көне түріктер бүкіл «қытайды» табғач деп атаған. Сол сияқты «қытаң //қытай» деген сөздер де отырықшы «қытайды» билеген жартлай көшпелі этностың атауы.
Күлтегiн ғұрыптық кешені және бiтiктасы
4

kergek: bolmus: yoγučï: sïγïtčï: öŋre: kün: toγusïqta138 : Böküli: Čölüg el139 :Tabγač: Tüpüt140 : Apar 141 :Purum142 :Qïrqïz143 : Üč Qurïqan146 :Otuz Tatar144 : Qïtaň 145: Tatabi147 : bunča: budun: kelipen: sïγïtamïs: yoγulamïs: antïγ: külüg: qaγan: ermis: anta kisre: inisi: qaγan:

керек (қайтыс): болды: жоқтаушы: сықтаушы: өңірге (шығысқа): күн: тумысында: Бөкүлі: Шөлүк ел: Табғач-қытай: Апар: Пұрым: Қырғыз: Үш Құрықан: Отыз Татар: Қытаң: Татабы: бұнша: бүтін (халық): келіп: жылап -сықтады: жоқтады: соншалықты: атақты (көлік): қаған: еді: сонда кері (кейін): інісі: қаған:
Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
5

yoγučï: sïγïtčï: öŋre: kün: toγusïqda: Böküli: Čölüg el: Tabγač: Tüpüt: Apar Purum: (Q)ïrqïz: ÜčQurïqan: OtuzTatar: Qïtaň: Tatabï: bunča: budun: kelipen: sïγïtamïs: yoγulamïs: antïγ: külüg: qaγan ermis: (anta kisre: inisi:) qaγan: ( bolmis erinč: )oγulï atï: qaγan: bolmis erinč: (anta kisre: inisi: ečisin teg: )

жоқтаушы: сықтаушы: өңірге (шығысқа): күн: тумысында: Бөкүлі: Шөлүк ел: Табғач-қытай: Түпіт: Апар Пұрым: [Қ]ырғыз: Үш Құрықан: Отыз Татар: Қытаң: Татабы: бұнша: бүтін (халық):келіп: сықтады: жоқтады: соншалықты: атақты (көлік) қаған еді: (сонда кері (кейін):інісі:) қаған: (болған екен: ) ұлы атаулы: қаған: болған екен: (сонда кері: інісі: атасындай: )
Тұнық-ұқ ғұрыптық кешені және бiтiктасы
11

ölürtečig: etermen: Tabγač: beriden yenteg: Qïtaŋ: önden yenteg: ben yïrdantayïn: tegijin: Türük: esir budun: jerinte: ïdï yormazun: učrïdï: ay: oq qisalïm:

өлермен: етермiн: Табғач: бергi жақтан жөнелмек: Қытан: өң жақтан жөнелмек: мен арғы жақтан: тиейiн: Түрiк: Есiр (ер тақты)бүтін (халық): жерiнде: итере жортқызбай: ұшырады: ай: оқ(тай) қысайық:
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.