|
|
|
[Tatpar qaγan] Татпар (татбар?) қаған |
Tatpar qaγan > Татпар (татбар?) қаған (?-582). Қағандық атағы : Татпар қаған, Тәңірден жаралған Маға Татпар қаған. Өз аты: ? Туған жылы: ? Билік құрған жылдары: 572-582. Әкесінің аты: Қара қаған. Мұқан қағанның туған інісі. Түрік бітіктастарда аты кездеспейді. Татпар қаған 572-582 жылдары тақта отырып, билік жүргізген. Бұл дәуiрде Түрiк Елі манжұрия, эфталиттерді бағындырған, византия, сасанид, қытай-табғач мемлекеттерiмен саяси-дипломатиялық қатынас орнатып, олардан алым-салық алып тұрған «жiбек жолындағы» құдыреттi империяға айналды. Көне соғдыша: mγ' t'tp'r х'γ'n – Мага Татпар хаган [Yoshida, 1999. 122-124]. Татпар қағанның ғұрыптық кешені қазір Моңғолия, Архаңғай аймағы, Бұғыт /Их тамир/ сұмынынан 10 км батыста орналасқан. |
|
|
|
|
|
|
|
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы
"Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды.
Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.
|
|