қазрусeng
:
:
 
[uru, urï, ürü] ру
Ру – адамдардың бiр әулеттен тараған туыстық, қандатық тобы, тұқымы, бiр әулеттен тараған туыстық қандастық топ, үлкен тайпаның бiр тармағы, рубасы – бiр рулы елдi басқарушы, ру бастығы (Қазақ Тiлiнiң Сөздiгi-Алматы, 1999. 541б.). Көне түрiк тiлiнде, oq > оқ (тайпа), oγuš > оғұш (ру), көне моңғолша obuγ > овог (ру). aymaq > аймаг (рулар одағы, тайпа) деп аталды. Көне түрiк тiлiнде uru, urï, ürü «бала, ұрпақ» (ДТС-614 б,) urï «еркек, әулет» (Дуани-лұғат-ит түрк Анкара 1-том. 251 б.), орта ғасыр түрiк тiлдерiнде uruγ « потомство, семена, род, поколение (ДТС- 615 б.) ; uruγ – [ 12], көне моңғол тiлiнде uruq, uruγ – «ұрпақ, үрiм бұтақ, ұрық» деген мәндi. Қырғыз тiлiнде уруу,урук деген сөздер бар (Русско-киргизский словарь М., 1957. 559.). Бұл атаулардан байқайтынымыз, түріктердегі оқ аталымы urï +uγ// oq тұлғасында «ұл аталу ұрпақтар» семантикасында дамып бүгінгі «Ру (ұрұу)» атауы қалыптасқанын байқауға болады.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.