қазрусeng
:
:
 
[Otqan // Ötüken] Отқан // Өтүкен
«Отқан, Өтүкен» . Бұл сөздің мәнісі орталық кеңістікті меңзеп «оттың иесі, ата жұрт, бабалар кеңістігі, заман уақыттың ханы» деген мағыналы қолданыспен дамыды. Көне моңғолша Этүген (өтү+кен, отұ+қан, ұтұ+қан, эдү+ге, одұ+ға т.б. түбірлес сөздердегі клмпонетттері ұқсас), От-қан (от ошақтың иесі, кенже ұл бала) деген атаулар да осыны айғақтайды, әрі жуан-жіңішкелік түрде дамығанын көрсетеді. Бұдан қан+қан деген атау Қаған, Қаңғай деген екі тұлғада салаланып өрби дамыды. Хакасша, туваша Саян (Сайан), моңғолша Соен т.б. атауларды осы қаңғай, қаған атаулармен ұштастырсақ онда олардың мағынасы да бірдей төркіндес болмақ.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.