Ру – адамдардың бiр әулеттен тараған туыстық, қандатық тобы, тұқымы, бiр әулеттен тараған туыстық қандастық топ, үлкен тайпаның бiр тармағы, рубасы – бiр рулы елдi басқарушы, ру бастығы (Қазақ Тiлiнiң Сөздiгi-Алматы, 1999. 541б.). Көне түрiк тiлiнде, oq > оқ (тайпа), oγuš > оғұш (ру), көне моңғолша obuγ > овог (ру). aymaq > аймаг (рулар одағы, тайпа) деп аталды. Көне түрiк тiлiнде uru, urï, ürü «бала, ұрпақ» (ДТС-614 б,) urï «еркек, әулет» (Дуани-лұғат-ит түрк Анкара 1-том. 251 б.), орта ғасыр түрiк тiлдерiнде uruγ « потомство, семена, род, поколение (ДТС- 615 б.) ; uruγ – [ 12], көне моңғол тiлiнде uruq, uruγ – «ұрпақ, үрiм бұтақ, ұрық» деген мәндi. Қырғыз тiлiнде уруу,урук деген сөздер бар (Русско-киргизский словарь М., 1957. 559.). Бұл атаулардан байқайтынымыз, түріктердегі оқ аталымы urï +uγ// oq тұлғасында «ұл аталу ұрпақтар» семантикасында дамып бүгінгі «Ру (ұрұу)» атауы қалыптасқанын байқауға болады. |