қазрусeng
:
:
 
[šad] шад
Көне түрік тілінде šad // čad > шад //чад. Зерттеушілер соғды тілінің мағынасы белгісіз xsyd> деген сөзден туындаған дейді. Бұл сөз көне түрік, моңғол тілдеріндегі šat-// šit-// - түбірлі «1. саты, жоғары өрлеу, биік, дәреже, 2. көмекші, жақын сенімді » деген сөздерімен байланысты. Моңғол тілінде «šidar> шадар» уәзір, көмекші деген тұлғасында сақталынған. Демек шад деген қағаннан кейінгі үшінші жоғары билік иесі, қаған, йабғұдың ең жақын көмекші нөкерлері болады. Білге қаған бітіктасында : «törüt: yegirmi: yašïmqa: Tarduš:budun: öze:šad olurtum:; inim Kültegin eki šad: birle: sözlešdimiz – 14 жасымда тардұш қанатына шад болып билік еттім, інім Күлтегінмен бірге екі шад сөзге бекістік» дегенге қарағанда Білге, Күлтегін екеуі де шад болғандығы аңғарылады.
Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
15

törüt: yegirmi: yašïmqa: Tarduš: budun: öze: šad olurtum: ečüm qaγan: birle: ilgerü: Yašïl ügüz: Šantuŋ: yazïqa tegi: süledimiz: qurïγaru: Temir: qapïγqa: tegi: süledimiz: Kögmen: аša: Qï/rqïz: jeriŋe: tegi: /süledimiz: /qamïγï: beš otuz: süledimiz: üč jegirmi: süŋüšdimiz: Еlligig: elsiretdimiz: qaγanlïγïγ: qaγansïratdïmïz: tizеligig:

төрт: жиырма (14): жасымға: Тардұш: бүтін (халық): үстіне: шад отырдым: атам қаған: бірлесе: ілгері: Йасыл өзен: Шантұң: жазыққа: тие: сүңгіледіміз: кері қарай: Темір: Қапығқа: тие: сүңгіледіміз: Көгмен: аса: Қырқыз: жеріне: тие: /сүңгіледіміз/ қамтылғаны: бес отыз (25): сүңгіледіміз: үш жиырма: сүңгілестіміз: Елдікті: елсіреттіміз: қағандықты: қағансыраттымыз: тізелікті:
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.