|
|
|
[šad] шад |
Көне түрік тілінде šad // čad > шад //чад. Зерттеушілер соғды тілінің мағынасы белгісіз xsyd> деген сөзден туындаған дейді. Бұл сөз көне түрік, моңғол тілдеріндегі šat-// šit-// - түбірлі «1. саты, жоғары өрлеу, биік, дәреже, 2. көмекші, жақын сенімді » деген сөздерімен байланысты. Моңғол тілінде «šidar> шадар» уәзір, көмекші деген тұлғасында сақталынған. Демек шад деген қағаннан кейінгі үшінші жоғары билік иесі, қаған, йабғұдың ең жақын көмекші нөкерлері болады. Білге қаған бітіктасында : «törüt: yegirmi: yašïmqa: Tarduš:budun: öze:šad olurtum:; inim Kültegin eki šad: birle: sözlešdimiz – 14 жасымда тардұш қанатына шад болып билік еттім, інім Күлтегінмен бірге екі шад сөзге бекістік» дегенге қарағанда Білге, Күлтегін екеуі де шад болғандығы аңғарылады. |
|
|
Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы |
15 |
|
| törüt: yegirmi: yašïmqa: Tarduš: budun: öze: šad olurtum: ečüm qaγan: birle: ilgerü: Yašïl ügüz: Šantuŋ: yazïqa tegi: süledimiz: qurïγaru: Temir: qapïγqa: tegi: süledimiz: Kögmen: аša: Qï/rqïz: jeriŋe: tegi: /süledimiz: /qamïγï: beš otuz: süledimiz: üč jegirmi: süŋüšdimiz: Еlligig: elsiretdimiz: qaγanlïγïγ: qaγansïratdïmïz: tizеligig:
| | төрт: жиырма (14): жасымға: Тардұш: бүтін (халық): үстіне: шад отырдым: атам қаған: бірлесе: ілгері: Йасыл өзен: Шантұң: жазыққа: тие: сүңгіледіміз: кері қарай: Темір: Қапығқа: тие: сүңгіледіміз: Көгмен: аса: Қырқыз: жеріне: тие: /сүңгіледіміз/ қамтылғаны: бес отыз (25): сүңгіледіміз: үш жиырма: сүңгілестіміз: Елдікті: елсіреттіміз: қағандықты: қағансыраттымыз: тізелікті:
|
|
|
|
|
|
|
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы
"Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды.
Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.
|
|