қазрусeng
:
:
 
[Bilge qaγan] Білге қаған
Білге қаған (683-734). Türük Bilge qaγan > Түрік Білге қаған. Қағандық атағы: Teŋіriteg Тeŋiride bolmuš /yaratmïš / Türük Bilge qaγan > Тәңірітек(ті) Тәңіріден болған /жаратқан/ Түрік Білге қаған . Өз аты: Беклен ?(қыт: Бике кэхань, Могилян). Түрік Елінің 717-734 жылдары билік құрған қағаны. Ол 683 ж. Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық (Елтеріс) қағанның үлкен ұлы, Күлтегіннің ағасы. Шешесі Елбілге қатұн. «Ачынұ» текті. Түрiк Елінің бiрегей тұлғасы атанған ол iнiсi Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол күллi көшпелiлер империясының тұғырын сомдап, түрiк тектес этностардың бiрлiгiн сақтай отырып, елдiң мұңы, жердiң қамы үшiн «түнде ұйықтамай, күндiз отыра алмай» күресті. Бiлге қаған 9 жас кезiнде әкесi Құтлық ( 680-692 ж.) қайтыс болады. Түрік Елінің тағын оның iнiсi Қапаған /Қабаған/ (692-716 ж.) иеленеді. Қапағанның iнiсi Бөгүден (716 ж.) кейiн таққа отырған Бiлге қаған 19 жыл билік етеді.
Білге қағанның бәдізіБілге қағанның бәдізі (Д. Баяр бойынша)
Білге қағанның қатұны Себектің бәдізі Моңғолия Ұлттық тарихи музейіБілге қағанның қатұны Себектің бәдізі (Д. Баяр бойынша)
Бiлге қаған 13 жасында шад атағын алады. 17 жасында Таңғытқа, 18 жасында алты чұб, табғач, он тұтыққа жорық жасап жеңiске жеткен. Одан қырғыз, түргеш, қарлық, тоғыз оғыз және т.б.елдерге жорық шабуыл жасаған. Білге қаған ғұрыптық кешені Моңғолия елiнiң астанасы Ұланбатырдан 400 км батыс-оңтүстiкте, ежелгi Қарақорым қаласынан 45 км солтүстiкте Орхон өзенiнiң сол жағалауындағы кең далада Күлтегін ғұрыптық кешенінен оңтүстік -шығыста 500 м. жерде орналасқан.
Білге қаған ғұрыптық кешеннен табылған алтын тәж. 2001 ж. (Д. Баяр бойынша)



Білге қаған бітіктасы.
Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
1

Teŋіriteg: Тeŋiride: bolmuš: Türük: Bilge qaγan: bödüke: olurtum: sabїmїn: tüküti: esid: ulayu: inijügünüm: oγlanїm: biriki: oγušum:/ budunum: birije: šad apїt begler: jїrїya: tarqat: bujruq: begler: Otuz ... Toquz Oγuz: begleri budunї: bu sabїmїn: edgüti: esid: qatїγdї: tїŋla: ilgerü: kün:/

Тәңірiтек: Тәңірiде: болған: Түрiк: Бiлге қаған: бұ шақта /өтерге/: отырдым: сап сөзiмдi: түгел: есiт !: ұласу: iнiшектерім: ұлым: бiрiк(кен): оқ-уысым (руым): бүтін / халқым/: бергi (оң қол): шад апы+т бектер: арғы (сол қол) тарха+т: бұйрық: бектер: Отыз ... Тоғыз Оғыз: бектерi бүтін (халық): бұ сап сөзімді: игi (ақылды): есiт !: қатты (көңілді): тыңда !: ілгерi (алдыға): күн:
Күлтегiн ғұрыптық кешені және бiтiктасы
1

qurïdun: /?/uγud еrtі: inim Kültegin: ölti...isig küčüg: bertik üčün: Türük: Bilge qaγan: yoqïqa: inim Kültegin: közdü: olurt... Ininču: apa: yarγan: tarqan: atïγ: bertim /...?/

Тұнық-ұқ ғұрыптық кешені және бiтiктасы
50

jeme: ben: ök ertüm: ayγïčïsï: jeme: ben ertim: Elteris qaγanqa: ...: Türük Begi qaγanqa: Türük Bilge qa...

және: мен: ғана өктем едiм: айғычысы-кеңесшісі: және: мен едiм: Елтерiс қағанға:... Түрiк Бегi қағанға: Түрiк Бiлге қағанға: ...
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.