қазрусeng
:
:
 
[eb] еб
Eb > Еб (киіз үй). Түрік бітік тілінде eb- деген сөз кездеседі. Бұл сөз киіз үйді айтса керек. еб // үй деген мағына білдіретін түрік бітіктің таңба-әрпі шын мәнінде күрке, қосты бейнелеген идеограммадан пайда болғанын аңғаруға болады. Сонда бұл атау өте ежелгі дәуірлерден бері жалғасып келген. Түріктерде киіз үй қолданғаны жайлы жазба деректер аз. Eb > еб // үй сөзінің семантикасы баба түрік тілі дәуірінде әуелі * ep- «бірдеменің жиынтығы, жиналған заттар» деген мәнді білдіре келе, семантикалық бірнеше мағынамен салаланып ep- // ap-// op- тұлғасында өрби дамыған деп топшылауға болады. Оның бірі aba, abu, abï+sïn, ebe, ebü, ebi, «ата, баба, апа, әже, ана, абысын» , екінші бағыты eb, ab//aw, ab+dïra «заттар үйіндісі, ау, тор, абдыра» , үшінші бағыты op, ob, obu «обақ, томпаю, шошақ, үю», төртіншісі eb, ew, ev, üi «күрке, қос, үй, баспана» деген мағыналы тұлғалар болып дамыды. Қазіргі түрік тілдерінде үй, өг, өй, уй, ой және т.б. тұлғасы қолданылады. Бізге көне түріктер қолданған киіз үйдің археологиялық айғақтары толығымен ұласпаған. Сондықтан тек ғана кейбір жазба жғне басқа да деректерге сүйене отырып қалпына келтіруге болады. Жалпы қазіргі қазақ, қырғыз, моңғол үлгідегі киіз үйлерден пәлендей өзге болды деуге келмейді. Дегенмен сол дәуірлерде киіз үйдің дәл қандай үлгісі кеңінен қолданды немесе қазіргі киіз үйлерден қайсысы оған етене жақын деген сұрақ туындайтыны белгілі. Түрік дәуірінде қытай жылнамаларында жазылған деректерде: « 1.живут в палатках и войлочных юртах, переходит с места на место, смотря по достатку в траве и воде, 2. вход в его ставку с востока, из благоговения к старне солнечного восхождения, 3. Могилян велел подать вина , и сидя в палатке с ханьшею, Кюе-деле и Туньюгу…» (Н.Бичуриннің аудармасынан) деген деректерден киіз үй қолданғаны анық айтылады. («...Именно кочевой образ жизни способствовал созданию переносного жилища, а в условиях евразийских степей- его развитию от простых форм (шалаша) до совершенной его конструкции (юрты). ...О форме жилища населения Западно-Тюркского каганата (VIIв.) можно судить по подкурганным погребальным постройкам , которые отражали быт, экономический уклад, религию средневековых насельников Казахстана. … Факты потверждает что, юрта возникла в среде тюрков. ...Юрта состоящая из решетчатой сборно-раздвижной решетки – основной конструкьии этого переносного жилища, - купольных жердей и верхнего круга, возникла в середине I тысячелетия н.э. в тюркской среде. Этот древнетюркский тип в дальнейшим совершенствовался и приобрел этнические особенности в среде тюрко-монгольских народов...Но наиболее древнее название юрты бытует среди жителей Восточного Казахстана, что было нами обнаружено в этнографической экспедиции. Здесь юрта называется по ее основной части конструкции – кереге – сборно-раздвижной решетке (стенке). // Алимбай Н. , Муканов М.С., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов .Очерки теории и истории. Алматы., 1998. С.113,119, 121, 122.), ( Радлов В.В. Из Сибири . Страницы дневника. М., 1989. ; Харузин Н.Н. История развития жилища кочевых и полукочевых тюркских и монгольских народностей России // Этнографическое обозрение М., 1896. с 1-3; Попов А.А. Историко-этнографический атлас Сибири М.,Л. 1961. ; Муканов М.С. Казахская юрта Алма-Ата, 1981.; Вайнштейн С.И. Проблемы история жилища степных кочевников Евразии //Советская этнография. 1976. с 4. ; Вайнштейн С.И. Мир кочевников центра Азии М., Наука 1991. ; Майдар С. Монгол гэрийн үүсэл гарал Улаанбаатар, 1976.; Алимбай Н. , Муканов М.С., Аргынбаев Х. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. Алматы., 1998.). Моңғол тілдерінде ger >гэр. (Б. Базылхан Қазақ және моңғол тілдерінің салыстырмалы тарихи-грамматикасы. Морфология, Алматы, 2000. 34-35, 54, 77, 83 б) Ежелгі көшпелілерде шатыр, алаша типтес баспана болғандығы одан керегелі шаңырақты киіз үйге жеткендігі ұзақ уақытты қамтыған. Демек киіз үйдің ілкі тұрпаты ұзын ағаштарды шаншып ұштарын біріктіре байлап оның үстіне тері , жүнмен жабқан күрке іспетті болды. Одан кейінгі сатыларда ұзын ағашты иіп матап сопақтау пішінді жасау үрдісі кең етек жайды.
Or. 8212 (161) "Ырық бітік" қолжазба кітабы
9
Ұлық үй өртенді. Түбіне дейін қалмады. Төбе қабатына дейін күйді дер. Сонша біліңдер! Жаман ол!

uluγ : eb : örtenmis : qatiŋa : tegi : qalmaduq : büküŋe : tegi : qodmuq : tir : anča : biliŋler : yablaq : ol.

Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.