қазрусeng
:
:
 
[bitikči] бітікчі
Бiтiкші, жазушы, хатшы. Көне түрік бітік жазуын игерген, қағанның іс-құжаттарын жасайтын лауазымдық атақ. Көне түрiк бітік тілінде : бiтiг, бiтiк - «жазу, сызу, жазба, мәтін , хат» деген мән-мағынаны білдірді. Бітік деген көне түрiк тiлiнде бiтi- «жазу, сызу» деген мәндi түбір морфемадан туындаған. Қазiргi түрiк тiлдерiнде «бiтiк, бiтiг, бижик, пичик, пiчiк, пытық, бүтүк, бiдiг» және т.б. тұлғаларында кездеседi. Көне түрік дәуірінде қаған ордасында түрік бітік жазуын жетік меңгерген хаткерлік көмекшісі, іс қағаздарды жүргізуші тұлғасы. Бұл атау ортағасырларда ислам дінін қабылдаған түрік этностарында араб тілінің hat > «хат, қолтаңба, сызба, сызық» сөзіне ауысып , «іс қағаз жүргізуші, хаткерлікті жасаушы» болып «хат+шы» аталды.
Уйбат III (е-32) бұғытасы және мәтіні
15

Yaγïda...bitigči...uz qop: budun: tikin: bilir: erti

Жауда...бітікші...көп: бүтін (халық): тігер: білер: еді
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.