қазрусeng
:
:
 
[bökümedim] бөкмедім
«Бөгеле алмадым, берік бекем болып «бөге» тұра алмадым». Енисей ескерткіштерінде өте жиі қолданылған сөз. Зерттеушілер «Bökmedim- қанағаттанбадым, тойынбадым, тоймадым , бөкмедім /тою, кенелу және т.б./ (не насладился)» деп түсіндіріп келеді. Мәселенің талас туғызатын тұсы да осы өйткені «бөкмедім» деп түрік дәуірінде тіршілігіне «тоймай, тойынбай» кетіп бара жатқан «қанағатсыз бір тұлға» етіп баяндау көңілге қонбайды.
Чаа-Қол III (e-15) бітіктасы
2

Ketim: Bele:Tuγma: erdi: oγlu : ben: edgüge: bökmedim : esize

Кетім: Беле: Тұғма: еді: ұлы: мен: игі: бөгеле алмадым: иесіз
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.