қазрусeng
:
:
 
[bitigtas] бітіктас
Bitig taš – бітіктас. Көне түрік бітікпен мәтін қашалынып жасалынған тас ұстын. Түрік Елі дәуірінде дәстүрлі жазуы – түрік бітікпен тарихи өсиетті шежірелер, жоқтаулар т.б. мазмұнды арнайы мәтіндерді ұстын тасқа ұрғызып қашаған тас жазуларды атаған. Түрік Елінде бітіктас орнатудың өзіндік әдет-ғұрпы болды. Онда қаған, йабғұ, шад, тегін, тархан, чұр сияқты билік-төрелік иелеріне ғана арнап ерекше бітімді ұзын тасқа мәтін қалдыру ерік пен хұқық болды. Басқаша айтқанда қаған және йабғұ, шад, тегін, апа тархан, бойла баға тархан, іч бұйрық бек, елтебер, күл чұр, күл тархан, алтын тамған тархан, күл тұдұн, күл еркін т.б. 30 бек-атақтыларға (қытай деректері бойынша ірілі-кішілі 28 лауазым) ғана арнап “бітіктас” орнату әдеті болды. Бітіктасты көбінесе “йоғұ” жосыны кезінде киелі ескерткіш кешенінің күншығыс тарапына орнатқан.
Тұңықұқ бітіктасы
Сонымен қатар Күлтегін, Білге қағанға арналған бітіктастарында аталатын “беңгүташ” – мәңгітас атауы да кездеседі. Бұл “Өд Теңірі йасар, кісі оғұлы құп өлгелі төрүмүш” – Уақытты Тәңірі жасайды, кісі ұлдарының тиесі өлгелі тумысында-дүр жолдарындағы “дәстүрлі әлеуметтік болмыстың (үйреншікті әлеуметтік–мәдени космостың) қорғаныс қабілетінің әлсірегенін бейнелейтін болса керек” (Нұрсан Әлімбай Қазақтың өлікті жөнелтуге байланысты жосын-жоралғыларының этномәдени проекциясы // ҚР ҰҒА Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы, 1994, №1 . 47-бетте). Басқаша айтқанда мәңгітас дегеніміз бітіктастың ырым-жосындық атауы.
Ел етміш (Білге атачым) Йабғұның ғұрыптық кешенi және бiтiктастары
13
Атачымға: бiтiг: тасын: [Бiтiг/ле/дiм(жаздым)]: мәңгi(лiк): [қағаны]м: Атачым: Бiлге: Атачым: ұлу: жылғы: бiлге(бiлiктi): ұлық алып ер: игi хан: Атачым: өлдi:

Аtačïmqa: bitig: tašïγ: /Bitigledim qïldïm/: bеŋigü: qaγanïm: Atačïm: bilge: Atačïm: ülü: yïlqa: bilge: uluγ alp er: edgü qan115 : atačïm: ölti:

Күлтегiн ғұрыптық кешені және бiтiктасы
12
Он Оқ: ұлым: Түргеш: қағанда: Мақрач: таңбашы: Оғыз: Білге: таңбашы: келді: Қырғыз: қағанда: Тардұш: Інанчұ: Чұр: келді: Барық: ітгүші (жонушы): бәдіз: жаратушы: бітіктас: ітгүші(жонушы): Табғач: қаған: чықаны(жиені) : Чең Сеңүн: келді:

On oq: oγulum: Türügeš: qaγanta: Maqrač: tamγačï: Oγuz: Bilge: tamγačï: kelti: Qïrqïz: qaγanta: Tarduš: Ïnanču Čur: kelti: Barïq156 : itgüči: Bediz157 : yaratïγma: bitig taš158 : itgüči: Tabγač: qaγan: čiqanï: Čеŋ Seŋün: kelti:

Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.