Білге қаған (683-734). Türük Bilge qaγan > Түрік Білге қаған. Қағандық атағы: Teŋіriteg Тeŋiride bolmuš /yaratmïš / Türük Bilge qaγan > Тәңірітек(ті) Тәңіріден болған /жаратқан/ Түрік Білге қаған . Өз аты: Беклен ?(қыт: Бике кэхань, Могилян). Түрік Елінің 717-734 жылдары билік құрған қағаны. Ол 683 ж. Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық (Елтеріс) қағанның үлкен ұлы, Күлтегіннің ағасы. Шешесі Елбілге қатұн. «Ачынұ» текті. Түрiк Елінің бiрегей тұлғасы атанған ол iнiсi Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол күллi көшпелiлер империясының тұғырын сомдап, түрiк тектес этностардың бiрлiгiн сақтай отырып, елдiң мұңы, жердiң қамы үшiн «түнде ұйықтамай, күндiз отыра алмай» күресті. Бiлге қаған 9 жас кезiнде әкесi Құтлық ( 680-692 ж.) қайтыс болады. Түрік Елінің тағын оның iнiсi Қапаған /Қабаған/ (692-716 ж.) иеленеді. Қапағанның iнiсi Бөгүден (716 ж.) кейiн таққа отырған Бiлге қаған 19 жыл билік етеді.
 |  |
Білге қағанның бәдізі | Білге қағанның бәдізі (Д. Баяр бойынша) |
 |  |
Білге қағанның қатұны Себектің бәдізі
Моңғолия Ұлттық тарихи музейі | Білге қағанның қатұны Себектің бәдізі (Д. Баяр бойынша)
|
Бiлге қаған 13 жасында шад атағын алады. 17 жасында Таңғытқа, 18 жасында алты чұб, табғач, он тұтыққа жорық жасап жеңiске жеткен. Одан қырғыз, түргеш, қарлық, тоғыз оғыз және т.б.елдерге жорық шабуыл жасаған. Білге қаған ғұрыптық кешені Моңғолия елiнiң астанасы Ұланбатырдан 400 км батыс-оңтүстiкте, ежелгi Қарақорым қаласынан 45 км солтүстiкте Орхон өзенiнiң сол жағалауындағы кең далада Күлтегін ғұрыптық кешенінен оңтүстік -шығыста 500 м. жерде орналасқан.
 |  |
Білге қаған ғұрыптық кешеннен табылған алтын тәж. 2001 ж. (Д. Баяр бойынша)
Білге қаған бітіктасы.
|