Бiтiкші, жазушы, хатшы. Көне түрік бітік жазуын игерген, қағанның іс-құжаттарын жасайтын лауазымдық атақ. Көне түрiк бітік тілінде : бiтiг, бiтiк - «жазу, сызу, жазба, мәтін , хат» деген мән-мағынаны білдірді. Бітік деген көне түрiк тiлiнде бiтi- «жазу, сызу» деген мәндi түбір морфемадан туындаған. Қазiргi түрiк тiлдерiнде «бiтiк, бiтiг, бижик, пичик, пiчiк, пытық, бүтүк, бiдiг» және т.б. тұлғаларында кездеседi. Көне түрік дәуірінде қаған ордасында түрік бітік жазуын жетік меңгерген хаткерлік көмекшісі, іс қағаздарды жүргізуші тұлғасы. Бұл атау ортағасырларда ислам дінін қабылдаған түрік этностарында араб тілінің hat > «хат, қолтаңба, сызба, сызық» сөзіне ауысып , «іс қағаз жүргізуші, хаткерлікті жасаушы» болып «хат+шы» аталды. |