|
|
|
[idisiz] ідісіз |
Иесіз, егесіз, иемденушісіз. Енисей бітіктерінде "есіз" деп кездеседі. Асыраушы, қамқоршы о дүниелік болып кеткенде артына бала-шағасы, ел-жұрты "иесіз" қалды деген мағынада қолданылған. Көне түрікте "жер-су иесіз қалмасын" деген сөз бар. Қазіргі кезде "иесіз қалғыр" деген қарғыс сөз түрік бітіктегі "иесіз" мағынасында қолданылады. |
|
|
Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы |
16 |
|
| sökürtimiz: bašlïγïγ: jöküntürtimiz: Türügeš: qaγan: Türüküm: budunïm: erti: bilmedikin: üčün: bizіŋe: yaŋïltïqïn: yazïntïqïn: üčün: qaγanï: ölti: buyruqï: begleri: jeme: ölti: On oq: budun: emgek: körtü: Ečü (müz: apamïz: tutmïs: Jer subidsiz: bolmazun: tejin: az budunïγ: ïtï: jar ...)bars beg:
| | шөктірдіміз: бастықты: жүгіндірдіміз: Түргеш: қаған: Түрікміз: /бүтін (халық)мыз: еді: білмедіктен: үшін: бізге: жаңылғаны: жазықтанғаны: үшін: қағаны: өлді:бұйрығы: бектері: және: өлді: Он-оқ: бүтін (халық): бейнет?: көрді: әке (міз:атамыз:тұтқан: Жер Су: иесіз: болмасын: дейін: аз: бүтін (халық)ты: етті:...) ... барыс бек:
|
|
|
|
|
|
|
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы
"Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды.
Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.
|
|