TҮРІК БІТІК
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті
қазрусeng
Iздеу:
Қайда:
Басы Ескерткіш Үйреткіш Сөздік Көмек
Бөлімдер
Көне түрік бітіктер
Түрік бітік үйреткіш
Этномәдени сөздік
Дерек көздері
Көмек
Контакт
Ескерткіш түрі
Орхон
Енисей
Талас
Тұрпан
Алтай
Қазақстан
Ферғана
Деректер
Таңбалар
Сөздік
Іздеу
Карта
Мұражай жәдігерлері
Мақалалар
Әдебиеттер
Шрифт қолдау
Сайт картасы
  Этномәдени сөздік
[elteber] елтебер
Бұл сөз бітік тастарда ұйғыр, қарлұқ және аз тайпалары басшысының атағы түрінде кездеседі, "әміршіге бағынышты мемлекеттік жоғары қызметкер" мағынасында жұмсалады. С.М.Арсал болса, мұны әскери шен деп есептейді. Бұл лауазымды байырқулардың, қырғыздардың, татабылардың, қундардың, соғдылықтар мен тоғыз-оғыз конфедерациясының құрамындағы ұйғырлардың, сондай-ақ, батыстағы Хазар қағандығына бағынышты Еділ бұлғарларының қолбасылары иеленген. Мұнымен қатар, VІІ ғ. Екінші жартысына қатысты бір армян дерегінде солтүстік Кавказ ғұндарының көсемі, әрі хазар қағанының вассалы "Алп Ылтутуер" есімі аталады. П.Б.Голденнің пікірінше батыс көктүріктердің әкімшілік жүйесінде тәуелді тайпаларға бас етіп әмірші әулетінен біреуді тағайындау дәстүрі болған және бұл дәстүрді хазарлар да қолданған. Соған қарағанда, аты аталған тұлға хазар болуы ықтимал. Ал атының өзі түрікше (Алп елтебер) күрделі есім болуға керек. Бұл жөнінде қолда бар бүкіл тарихи деректерді жинақтап, мәселеге арнайы тоқталған А.Бомбажи дәйектерінің қысқаша мазмұны былай: Көктүріктер дәуірінде ілтеберлер тәуелді әміршілер болған, лауазымды қаған беретін; жуан-жуандардың бұл атақты пайдаланғанын көрсететін дәлелдер жоқ; қытай мәтіндерінде кездесетін "чи-ли-фа", "исиех-ли-фа" фонетикалық, әрі тарихи тұрғыдан елтеберді көрсетеді; ұйғыр, қун және қырғыз ілтеберлері "ұлұғ ілтебер", сондай-ақ, елтебер мен күл елтебер арасында қызметі және өкілеттілігі жағынан айырмашылық бар-жоғы белгісіз; екінші Көктүрік империясы кезінде Қытайға елші болып баратын екі ілтеберді министр ретінде қабылдағаны мәлім.
Сөздің этимологиясы мен мағынасына қатысты В.Банг теберді моңғол тіліндегі "тәбәр-ікү" (тебер-кү) және манжұр тіліндегі "тебелиен", "тебелиемлі", "тебелиеку", сондай-ақ, Күлтегін ескерткішіндегі (Кб 6) "тәбліг" сөздерімен байланысты болуы керек дегенді алға тартады. Ж.Маргуарт пікірінше тебер "табар" шенімен байланысты. Тебер мен темірді бір деп ойлайтындар бар. П.Пеллиот теб-ер немесе теб-ір түрінде бөлуді жөн көреді. Л.Расонйи теберді "теп" (тебу) етістігімен байланыстырып түсіндіреді. Ж.Р.Гамилтонның ойынша, бұл біріккен күрделі сөз (ел+тәбәр), "билігі, елі, халқы бар" деген мағына білдіреді.
Мәлімет қорынан қара
Мына ескерткіштерде осы сөз кездеседі
Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
38

....Türük: budun: ač erti: ol jïlqïγ: alïp egitim: otuz artuqï: törüt: yašïma: Oγuz: tezip: Tabγačqa: kirti:ökünüp: süledim: suqïn: ...oγulïn: yotuzïn: anta altïm: eki Elteberig: budun: ...

... Түрік: бүтін (халық): аш еді: Ол жылқыны: алып игіттім: отыз артық: төрт: жасыма: Оғыз: тежеп: Табғачқа қарай: кірді: өкініп: сүңгіледім: сұғын:...ұлын: жатынын: сонда алдым: екі Елтеберді: бүтін (халық): ...
Этномәдени сөздікпен қатар Түрік бітік мәтін қорында көне түрік-қазақ сөздігі бар.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.

 

Ескерткіш Үйреткіш Этномәдени сөздік Жәй сөздік Деректер Іздеу Көмек Контакт
қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.