|
|
|
[qïlïntïm] қылынтым |
Qïlïntïm – тудым, тәрбилендім деп аударылып келеді. «Қызмет еттім, жұмыс атқардым» деген мағынасы да бар.
Тұнық-ұқ бітіктасындағы Tabγač: eliŋe: qïlïntïm: деген жолдарда «қылынтым» сөзiнiң 1. жаратылу, жасалу, жаралу, істеу, 2. қылыну, 3.тәрбие көру мағынасынан басқа 4. өмір сүрдім деген мағынасы тағы бар. Сондықтан осы жолды «Табғач(қытай) елi кезiнде өмiр кештiм, өмір сүрдім» деп оқуға да толық негiз бар. Ел Етміш Йабғұ бiтiктасындағы Qapaγan: Elteris qaγan: eliŋe: qïlïntïm: деген «Қапаған, Елтерiс қаған кезiнде өмiр сүрдiм, жасадым» деген жолдарында «тәрбие көрдім» деген мәнi басым.
|
|
|
Ел етміш (Білге атачым) Йабғұның ғұрыптық кешенi және бiтiктастары |
4 |
|
| Қапаған (Қабаған): Елтерiс қаған: Елiне: қызмет еттiм: Ел Етмiш: Йабғұ: ұлы: Ысбара: Тамған Чұр: Йоға: iнiсi: Бiлге: Ысбара: Тамған:Тархан: жұмылған/жиналған/: бес: жетпiс [ке] (65): атам: Атачым:...
| | Qapaγan: Elteris qaγan: eliŋe: qïlïntïm110 : Еl Etmis: yabγu111 : oγulï: Isbara: Tamγan Čur: Yoγa: inisin: Bilge: Isbara: Tamγan: Tarqan: yumγïlïγ: bes: jetmis: еčim: Аtačïm:
|
|
|
|
|
|
|
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы
"Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды.
Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.
|
|