Ұлу жылы. Ecкіше жыл аты, мүшел есептің бесінші жылы. Әрбір жыл хайуан атымен тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз деп аталады.
Он екi жылдық санақ бойынша ... 631, 643, 655, 667, 679, 691, 703, 716, 728, 740, 752, 764 ... жылдар ұлу жылына сәйкес келеді. Ел Етміш Йабғұ бітіктасының 12 жолындағы ülüi: yïlqa: jetinč ay - ұлу: жылғы: жетiншi ай дегенiмiз 682-716 жылдар аралығында болу керек деп ойлаймыз. Елтерiс қаған 682-691 жылдары, Қапаған қаған 691-716 жылдары билiк құрғаны жайындағы деректерiне жүгiнсек онда Ел Етміш Йабғұ бітіктасы 682-716 аралығында қашалған болып шығады. Дәлiрек айтқанда бұл 703 жылы деуге болады. |