қазрусeng
:
:
 
[apa] апа
Көне түрікше «әке» деген сөз. (apa// aba// abu // api - «отец, дядя, дед по отцу». ЭСТЯ-1. 54-58с.; EDT- 5). Қазақ тілінде: апа- жасы үлкен әйел адам, ана, әпке мәнінде және көне түрік тіліндегі аталмыш қолданыс «апа, әже» тіркесінде бүгінге дейін сақталынған. Сарығ-югур (сары-ұйғұр) тілінде «аба» -әке, «абқа»- ата , «абу»- туыс деген сөз (Малов С.Е. Язык желтых уйгуров. Алма-Ата, 1957, С. 11.) Көне моңғол тілінде «abu> аав» (әке) тұлғасында кездеседі.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.