қазрусeng
:
:
 
[esiz] есіз
«Иесіз». Бұл Енисей бітіктастары мен ескерткіштерінде жиі кездесетін сөздердің бірі. В.В. Радлов siz- «Von euch» (Сізден), С.Е. Малов siz - «от Вас» (Сізден), И.А. Батманов siz - «от Вас» (Сізден) . Бұл орайда мәтіннің мазмұнына байланысты аталған бұл сөзді түсіндіру қажет секілді. Мәселенің мәнісі мынада болса керек, айталық, осындай жоқтауды мәтін иесі көзінің тірі кезінде жазды ма, әлде өлер алдында айтқан сөзі кейін жоқтау рәсіміне байланысты мәтін болып қашалды ма деген сауалдар көлденең қойылады . Қалай десекте бұл жолдар мәтін иесінің өз сөзі екені анық. Кей тұстарда бітіктас иесіне байланысты жоқтау сарындар байқалады. Басқаша айтқанда бұл оның өсиеті деген сөз. Демек «сіз» деуге де, «қайран, өкінішті» деуге де келмейді. Мұнда есіз- деген «қайран, өкінішті» мағыналы болу керек деген пікірді алғаш Т.Текин жариялаған еді. Т.Текин еsiz – «қайран, өкінішті» , И.В. Кормушин еsiz – «жаль», А.С. Аманжолов еsiz – «увы, как жаль, к сожалению» (қайран, өкінішті), И.Л. Кызласов еsiz –«о горе» ( қайғы, қасірет, сор) және т.б. мағынада оқиды. Сондықтан әңгімеге өзек болып отырған «Siz // Esiz» дегеніміз жылап-еңіреп, өкініп күйінген адам жайында немесе оның өкініші, қайғысы, қасіреті жайында емес деген тоқтамға келуге болады. Бір сөзбен айтқанда «Тәңірі Елінің елшісі, алты бау рудың бектері», батыр бекзаттары емес. Ол керісінше «иесіз қалып бара жатқан, иеліксіз кетіп бара жатқан», байсыз, ерсіз қалдың-ғой, менен кейінгі ұрпақ, менен кейінгі «елім, ұлдарым, ханшайымдарым, халқым» деген этномәдени мәнде қолданылған болса керек. Аталмыш сөздің этимологиялық төркіні idi // ije // е //+siz > еsiz. Мұның да Орхон бітіктастары мен ескеркіштері мәтінінде кездесетін ұқсас қолданысы - idi (ие), idisiz (иесіз).
Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
8

sabïmdï: іgіd barγu: Тürük: begler: budun: bunï: esidiŋ: Тürük budunïγ terip: el tutsaqïŋïn: bunta: urtum: yaŋïlïp: ölsekiŋin: yeme: bunta: urtum: neŋ neŋ: sabïm: erser: beŋgü: tašqa: urtum: aŋar körü: biliŋ: Тürük amtï: budun: begler: bödüke: körügme: begler gü: yaŋïltïčïsïn: men: b/eŋgü: tašqa: urtum: /

сап сөзімді: игі бар ғой: Түрік: бектер: бүтін (халық): бұны: естіңдер: Түрік бүтін (халық)н теріп: Ел тұтсақтың: бұнда: ұрдым: жаңылып: өлерсің: және: бұнда: ұрдым: не ненің: сап сөзім: болса: мәңгі: тасқа: ұрдым: оны көре: біліңдер: Түрік енді: бүтін (халық): бектер: бұ өтерге(шаққа): көруші: бектер ше: жаңылғандарсың: мен: м/әңгі тас: ұрдым/
Уюк-Тарлақ (е-1) бұғытасы және мәтіні
2

еsiz: Elime: qunčuyïma: oγulïma: budunïma: esiz: іme: altmïš: yašïmda:

Иесіз (қалған): Еліме: ханшайыма:ұлыма: бүтін (халық)ыма:иесіз/дер/: +іме: алтпыс: жасымда:
Қызыл-чыра екінші (е-44) бітіктасы
3

Elim qanïm: esize: bökmedim: kün ay: esiz: yïta

Елім ханым: иесізіме: бөгеле алмадым:Күн ай: иесіз: жетім:
Көжелік-қобы (е-45) бітіктасы
7

Ekinim: qadašïm: esizime: oγulanïm qïzïma: ürüŋüm: qaram: esiz: jüz: elig erime: esizime:

нағашым:немере ағайыным: иесізіме: үлым қызыма: үрпек ағым: қарам: иесіз: жүз: елу еріме:иесізіме:
Абақан (е-48) бітіктасы
1

Erdemlig: elinte: bökmedi Töleš alïp: Tutuq: іšiŋe: bökmedi: jeg: Terkin: esiz: yïta čïγa

Ерлікті: елінде: бөгеле алмады Төлес алып: Тұтық: ісіне: бөгеле алмады:Игі: Теркін: иесіз: жетім шығай
Талас VIII бітіктасы
4

Oγuluz (a) esiz (e) Özüge

Ұланымыз иесіз Өзүге
Талас IV бітіктасы
1

+ïlmïš(а) еsiz(e)

+ылған иесіз
Талас V бітіктасы
1

uBASï rmïš (а) qatun (a) aγïl (a) yorčï (a) esiz

... қатұн иесіз
Очуры Ачуры (e-26)
4

…Er … er: esiz: Taŋazur beg: esiz

...Ер: Таңазұр бек: иесіз....
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.