қазрусeng
:
:
 
[Estemi qaγan] Естемі қаған
Естемі қаған (?-557). Қағандық атағы: Естемі қаған. Туған жылы: ?. Билік құрған жылдары: 552-557 (5 жыл). Әкесінің аты: Тұбұ (лауазымы: Ұлық йабғұ). Өз аты белгісіз: ?. Бұмын қағанның туған інісі. Күлтегін, Білге қаған бітіктасы мәтінінде «Естемі қаған» деп жазылған. Бұмыннан кейін Түрік Елінің қаған тағына отырған. Византия деректерінде Естемі қаған алтынмен көмкерілген ақ ордасында сол елдің елшіліктерін қабылдаған деп кездеседі.
Күлтегiн ғұрыптық кешені және бiтiктасы
1

Öze Kök: Teŋіri132 : asïra: yaγïz: Jer: qïlïntaquda: ekin ara: kisi: oγulï: qïlïnmïs: kisi: oγulïnta: öze: ečüm apam: Bumïn qaγan133 :Estemi qaγan134 :olurmïš: olurupan: Türük: budunïγ: Elin: törüsün: tuta: bermis: iti: bermis:

Үсті Көк: Тәңірі: асты: нығыз (қоңыр): Жер: қылынғанында (жаратылғанында): екі ара: кісі: ұлы: қылынды (жаратылды): кісі: ұлында: үсті: атам үлкенім: Бұмын қаған: Естемі қаған: отырды: отырып-ақ: Түрік: бүтін (халық)ын: Елін: төресін: тұта берді: жет(кіз)е: берді:
Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
3

kisi: oγulïnta: öze: ečüm apam: Bumïn qaγan: Estemi qaγan: olurmïš: olurupan: Türük: budunïŋ: Elin: törüsіn: tuta bermis: iti bermis: törüt: buluŋ: qop: yaγï ermis: sü sülepen: törüt: buluŋdaqï: budunïγ:(qop almïš: qop baz qïlmïs:)bašlïγïγ: jüküntürmüs: tizеligig:(sökürmüs: ilgerü: Qadïrqan: Jïšqa tegi: keri)

кісі: ұлында: үсті: атам үлкенім: Бұмын қаған: Естемі қаған. отырды: отырып-ақ: Түрік: бүтін (халық)ын: Елін: төресін: тұта берді: жет(кіз)е: берді: төрт: бұрыш: көп: жауы екен: сү(ңгілі) сүңгілеп: төрт: бұрыштағы: бүтін (халық)ты: (көп: алды: көп басып басымдылық қылды:) бастылығын: жүгіндірді: тізелігін: /шөктірді: ілгері(алдыға): Қадырқан: Йышқа тие: кері/:
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.