қазрусeng
:
:
 
[sü] сү
Түрік бітік тілінде sü > сү ««сүңгілі жауынгер, ұзын найзалы жауынгер, толық ауыр қаруланған жаяу және атты әскер» деген мағыналы сөз. Түрік жауынгерлерінде негізінен қанжар, оқ садақ, қылыш, қалқан, сүңгі болды. Темір сауытты әрбір жауынгер өзіне де, ат көлігіне де жарақтанып қолданған. Мұндай ауыр қаруланған атты жауынгерлерге қарсы тұрмақ түгілі, садақпен оқ жаудыртып та жеңу мүмкін емес болатын.
Or. 8212 (161) "Ырық бітік" қолжазба кітабы
55

alp : er : oγlï : süke : barmis : sü : yirinte : erklig : sabčï : töretemis : tir : ebiŋerü : kelser : özi : atanmis : ögrünčülüg : atï : yitiglig : kelir : tir : anča : biliŋler : aňïγ : edgü :

Алып ер ұлы соғысқа барыпты. Соғыс жерінде ерікті (сөз)сапшы төре етеміз дер. Үйіне қарай келгенде өзі (төре) атаныпты. Қуаныш атын жетектеп келер дер. Сонша біліңдер. Анық игі.
Очуры Ачуры (e-26)
5

…tegiš : sü: teŋi: jeti biŋ: oγlan : erti

...сүңгілі әскер: жеті мың: оғлан: еді...
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.