қазрусeng
:
:
 
[tegin] тегін
Қаған әулетінің ұлдары, тақ мұрагерлері. Көне түрікше teg+in > «текті ұрпақ, тегі мықты адам» деген сөз. Қаған тағына әулеттің ішінен ең мықты тұңғыш ұлы /oγul/ немесе іні туыстары /ini, jigen, čїqan / отырған. Көне түрік бітіктастарда Kültegin> Күлтегін, Yoluγtegin > Йолұғтегін, Ozmïš tegin > Озмыш тегін, El Čur tegin > Ел чұр тегін, Toŋra tegin > Тонра тегін деп кездеседі. Бұл тегіндердің барлығы қаған әулетінен. Тегіндер қағанның заңды мұрагері ретінде йабғұ, шадтармен бірге жорыққа қатысу, әскери-саяси әрекеттерге тікелей араласу және т.б. істерді атқарған. Көне моңғол тілінде čigin > чигин //жигин тұлғасында сақталынған, Börü+tegin > Böritіgin > Boržiγin Бөрітегін > Боржығын /Боржигин/ деп кездеседі. Шыңғыс қағанның арғы аталарының аты да тегіндермен байланысты аталған.
Күлтегiн ғұрыптық кешені және бiтiктасы
14
Күлтегіннің: алтынының: күмісінің: жібегінің: барлығының төр...мал қарасын: жоқтауым: тұяғы (жылқысы): ...бұ...бегім: тегін: жоғары: Тәңірі: ... тас: бітікледім: Йоллығтегін:...

Külteginiŋ: altunïn: kümüšin: aγïšïn: barïmïn ...qarasïn: yoγïma: tuyuγut: ..bu ...begim: tegin: jügürü: Teŋі/ri ...taš:bitidim: Jolluγ tegin:....

Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
14

qaγan: učduqda: özüm: sekiz yašda: qaldïm: ol törüde: üze: ečüm qaγan: olurtï: olurupan: Türük: budunïγ: ječe: itdim: ječe: igti: čïγaŋïγ: bayqïltï: azïγ üküš: qïltï: ečüm qaγan: olurtïqda: özüm: tegin:/eriklig ...Teŋiri: yarïlqadï: ermiš erinč:

қаған: ұшқанда: өзім: сегіз жаста: қалдым: ол төрелікте: үстінде: атам қаған: отырды: отырып: Түрік: бүтін (халық)ты: жекеше (жақсы): еттім: жекеше: жетілдірді: шығайды: бай: қылды: азды: өңшең көп: қылды: атам қаған: отырғанда: өзім: тегін: ерікті... Тәңірі: жарылқады: еткен екен:
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.