қазрусeng
:
:
 
[Teŋіri] Теңірі
«Тәңірі». Жалпы алғанда, көне түріктердің саяси құрылымы мен билік жүйесі Тәңірлік таным-түсінігі бойынша жүйеленді. Сондықтан да түрік қоғамында оның саяси құрылымы мен билік жүйесі әскери-аумақтық үштігінің қатаң тәртібіне негізделініп, Тәңірілік танымның үштік құрылымы, үш жүйелік қарым-қатынастар бойынша сараланды. Демек, көне түрік қоғамын сол қоғамның көшпелі өркениетінде бекем орныққан «Тәңір-Кісі-Жер» деген жалпы үштік құрылымсыз түсіндіруге келмейді. Сонда көне түрік қоғамының саяси құрылымы мен билік жүйесі қандай болды деген сұрақ туындайтыны сөзсіз. Онда ол «1.Teŋіri >Тәңірі- 2.Kisi oγulï> Кісі ұлы , 3. Jer> -Жер» деген үштік дүниетанымға негізделінген, осыған сай құрылған Тәңірлік таным бойынша елді, мемлекетті басқаратын бір ғана қаған болды. Білге қаған, Күлтегін бітіктастарында : « Őze Kök Teŋіri asïra yaγïz Jer qïlïntaquda ekin ara Kisi oγulï qïlïnmïs kisi oγulïnta öze ečüm apam Bumïn qaγan Estemi qaγan olurmïš olurupan Türük budunïγ Elin törüsün tuta bermis iti bermis » - Үстіңгі Көк Тәңірі, астыңғы жұмыр Жер жаратылғанда, ол екеуінің аралығында кісі атаулы жаратылған екен. Кісі атаулының үстінде үлкендеріміз атамыз Бұмұн қаған, Естемі қаған билеп отырған екен. Олар билеп отырып Түрік халықты, Елін, төрелігін орната білді, жеткізе білді» деп көне түірк танымдық болмысын айқын көрсетеді. Бұл ретте Teŋіri > Тәңірі - көне түрік таным түсінігі бойынша «1.Тәңірі-2.Кісі-3.Жер» үш қырының ең бірінші тұратын үстем қыры басқаша айтқанда Türük Teŋrisi > Түрік Тәңірісі. Ол тотемдік, фетишизмдік, мифологиялық және де құдай, пайғамбарлық ұғым емес. Түріктердің түсінігінде Тәңірі - «көк аспан кеңістігі, шаңырақтай үстіміздегі әлем, дөңгелек, жарықты жоғарғы күмбез ». Бір сөзбен айтқанда , Тәңірі деген жерге қарама- қарсы көк аспан кеңістігі деген ең негізгі ұғымды білдіреді.
Күлтегiн ғұрыптық кешені және бiтiктасы
1

Öze Kök: Teŋіri132 : asïra: yaγïz: Jer: qïlïntaquda: ekin ara: kisi: oγulï: qïlïnmïs: kisi: oγulïnta: öze: ečüm apam: Bumïn qaγan133 :Estemi qaγan134 :olurmïš: olurupan: Türük: budunïγ: Elin: törüsün: tuta: bermis: iti: bermis:

Үсті Көк: Тәңірі: асты: нығыз (қоңыр): Жер: қылынғанында (жаратылғанында): екі ара: кісі: ұлы: қылынды (жаратылды): кісі: ұлында: үсті: атам үлкенім: Бұмын қаған: Естемі қаған: отырды: отырып-ақ: Түрік: бүтін (халық)ын: Елін: төресін: тұта берді: жет(кіз)е: берді:
Ел етміш (Білге атачым) Йабғұның ғұрыптық кешенi және бiтiктастары
3
алып: ердiң: балбалы(н): қысты (қадады): Түрiк бүтін (халық): аты: жоқ: болып: барған: еді: Түрiк бүтін (халық): жетiмсiремесiн: дей: жолай жем болмасын: дей:үстi(ңгi): Тәңірi: деген /екен.../

alp: erіn: balbal: qïsdï: Türük budun: atï yoq: bolu: barmïš: erti: Türük budun: jіtmezin: tejin: yoluq ermezin: tejin: öze: Teŋіri: ter er/mis: .../

Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
1

Teŋіriteg: Тeŋiri: yaratmïš: Türük: Bilge: qaγan: sabїm: aqanїm: Türük: Bil/ge: qaγan: bödüke: olurtum:/anta: їmtї: al… tїsї er: Toquz Oγuz: eki Ediz ker külüg:begleri budunї: ......Türük: Тeŋiri:...

Тәңірiтек: Тәңірi: жаратқан: Түрiк: Бiлге: қаған: сап-сөзім: ағайыным: Түрік: Біл/ге: қаған: бұ өтерге: отырдым:/ сонда: енді: ...тысы ер: Тоғыз Оғыз: екі Едіз кер күлік(атақты): бектерi бүтін (халық): ... ... Түрік: Тәңірі:...
Тұнық-ұқ ғұрыптық кешені және бiтiктасы
2

Türük budun: qanïn bolmayïn: Tabγačda: adïrïltï: qanlantï: qanïn: qodup: Tabγačqa: yana ičikdi: Teŋіri: anča temiš erinč: qan bertim:

Түрiк бүтін (халық): қанын болмайын(ша): Табғачда(н): ажыратылды: қанданды: қанын: қойып: Табғачқа: жанасып iшiне кiрдi: Тәңiрi: сонша деген екен: қан бердiм:
Уюк-Тарлақ (е-1) бұғытасы және мәтіні
1

Аtïm: El Tuγun: Tutuq: ben: Teŋiri: Elim: ke: еlčisi: ertim: altï: baγ: budun:qa: (beg: ertim:)

Атым: Ел Тұғұн: Тұтұқ: мен: Тәңірі. Елім:е: елшісі: едім: алты: бау (ру): бүтін (халық):ге: [бек: едім:]
Уюк-туран (е-3) бұғытасы және мәтіні
3

Öčеn: Külüg Tirig: ben: Teŋiri Elim: te: jemlig: ben:

Өчен: Күлік Тіріг: мен: Тәңірі Елім:де: ауқатты: мен:
Or. 8212 (161) "Ырық бітік" қолжазба кітабы
2
Ала атты жол Тәңірімін! Ертелі-кешке жүрермін. Басқа екі айлық кісі ұлына кезікті (соғысыпты). Кісі қорықты. Қорықпа депті. Құт беремін депті. Сонша біліңдер: игі ол!

ala : atlïγ : yol : Teŋri : men : yarïn : kiče : esür : men: utru : eki : aylïγ : kisi : oγlïn : soqusmis: kisi : qorqmis: qorqma : timis : qut : birgey : men : timis: anča : biliŋ : edgü : ol.

Уюк Оорзак I (е-108) бұғытасы мен түрік бітік мәтіні
1

men: Altai oγlï: Bögü: atïm: teηri: g...: beηkü: g...elmin: men

Мен: Алтай ұлы: Бүгү: атым: Тәңірі: г... мәңгі: г...елмін: мен
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.