қазрусeng
:
:
 
[törüt buluŋ] төрт бұлұң
«Төрт бұрыш, төрт жақ, төрт тарап» деген сөз. Көне түріктерде жердің төрт жағы. Көне моңғол тілінде buluŋ «бұрыш, жақ» мағынасында. Көне түріктердің дәстүрінде киіз үйдің есігі күншығысқа қаратылады. Сол сияқты жер тараптың бағыттарын адам өз бетімен күншығысқа қарау тұрғысынан атаған. Сондықтан «өңір жақ, ілгері» дегені күншығыс, ал «берійе, берігерү» - дегені оң қол жақ – оңтүстік, «йырыйа, йрығарұ» дегені сол қол жақ –солтүстік , «құрығарұ» дегені арқа тұсы, күн батыс яғни түн орталық жақ деп есептеген. Демек қазақ тілінде киіздің үйдің оң жағы, оңтүстік, киіз үйдің сол жағы, солтүстік деп атағаны дәл осы байырғы танымның сарқыншағы.
Ел Етміш Білге қағанның (Тариат//Тэрх) екінші бітіктасы
4

tört buluŋdaqï budun: küč berür yaγïm: bölüg yoq boltï: ...ekin ara ïlïγïm at ïrïγlaγïm: Sekiz Seleŋe: Orqun Toγula: Seben: Teldü: Qaraγa: Boruγu: ol jerimen šubumïn qonar köčerben:

төрт бұрыштағы бүтін (халық): күш берер жауым: бөлек жоқ болды: екі аралығы жылуым (жылы қонысым)ат жайлауым: Сегіз Селеңгі: Орхон Туыл:Себен: Телдү: Қараға: Бұрұғұ: ол жерімді суымды қонар көшермін:
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.