қазрусeng
:
:
 
[Türük budun üčün] Түрік бұдұн үчүн
Türük budun üčün tün udïmadïm küntüz olurmadïm qïzïl qanïmï tökti qara terim yügürtü isig küčüg berti
> Түрік бұдұн үчүн түн ұдымадым, күнтүз олұрмадым, қызыл қанымы төкті, қара терімі йүгүртү, ісіг күчүг берті
- Түрік халқы үшін түнде ұйықым келмеді, күндіз отырғым келмеді, қызыл қаным ақты, қара терім төгілді, іс күш берілді ...» деп кездеседі. Білге қаған, Күлтегін, Тұңықұқ бітіктастарында бұл мемлекеттік маңызды ең таңғажайып ұлағатты сөздер.
Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
22

ečümüz: qazγanmïš: budun: atï küsü: yoq bolmazun: tijin: Türük: budun: üčün: tün udïmadïm: küntüz: olurmadïm: іnim: Kül/tegin/ birle:ölü jitü: qazγandïm: anča qazγanïp: bіrіki: budunïγ: ot sub qïlmadïm: /men... / Jersayu: barmïš: budun: ölü jitü: /yadaγan: yalïŋïn: yana/

атамыз: қаз тұрғызған: бүтін (халық): аты көсегесі: жоқ болмасын: дейін: Түрік: бүтін (халық): үшін: түн ұйықтамадым: күндіз: отырмадым: інім: Күл/тегін/ бірлесе: өлі жіті: қаз тұрғыздым: сонша қаз тұрғызып: біріккен: бүтін (халық)ты: от су қылмадым: /мен... / Жер сайұ: барды: бүтін (халық)ты: өлі жіті: /жадаған: жалаңы: жаңа/
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.