қазрусeng
:
:
 
[Türük] Түрүк
«Түрік» этноним атауы. «Түрiк» сөзi көне түрiк бiтiктастары мен ескерткіштерінде «түрүк, төрүк» жазылған. Бұл сөздiң мағынасы сол дәуiрлердегi қолданыстық мәнi яғни түрү+к, төрү+к құрамды «төре заңы бар ел, төрелiк, билiктi ел» деген рәміздік-нышандық негізінде қалыптасқан атау болса керек. Қайткен күнде де этносаяси бірлестіктердің басын құрушы тайпа, одақтар бір мәмлеге келіп, осы атауға тоқталғаны анық. Бір сөзбен айтқанда, аталмыш «түрік» атауы этнополитоним яғни этносаяси атау. Зерттеушiлер түрік сөзінің шығу тегін «берiк, мықты, күштi», «семiз», «туу», « төркiн», «дулыға», «төр, төр жақ», «бастапқы» және т.б. мағыналы сөздерден туындаған деп жорамалдайды.
Күлтегiн ғұрыптық кешені және бiтiктасы
1

Öze Kök: Teŋіri132 : asïra: yaγïz: Jer: qïlïntaquda: ekin ara: kisi: oγulï: qïlïnmïs: kisi: oγulïnta: öze: ečüm apam: Bumïn qaγan133 :Estemi qaγan134 :olurmïš: olurupan: Türük: budunïγ: Elin: törüsün: tuta: bermis: iti: bermis:

Үсті Көк: Тәңірі: асты: нығыз (қоңыр): Жер: қылынғанында (жаратылғанында): екі ара: кісі: ұлы: қылынды (жаратылды): кісі: ұлында: үсті: атам үлкенім: Бұмын қаған: Естемі қаған: отырды: отырып-ақ: Түрік: бүтін (халық)ын: Елін: төресін: тұта берді: жет(кіз)е: берді:
Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы
1

Teŋіriteg: Тeŋiri: yaratmïš: Türük: Bilge: qaγan: sabїm: aqanїm: Türük: Bil/ge: qaγan: bödüke: olurtum:/anta: їmtї: al… tїsї er: Toquz Oγuz: eki Ediz ker külüg:begleri budunї: ......Türük: Тeŋiri:...

Тәңірiтек: Тәңірi: жаратқан: Түрiк: Бiлге: қаған: сап-сөзім: ағайыным: Түрік: Біл/ге: қаған: бұ өтерге: отырдым:/ сонда: енді: ...тысы ер: Тоғыз Оғыз: екі Едіз кер күлік(атақты): бектерi бүтін (халық): ... ... Түрік: Тәңірі:...
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.