|
Этномәдени сөздік |  |
|
|
[tegin] тегін |
Қаған әулетінің ұлдары, тақ мұрагерлері. Көне түрікше teg+in > «текті ұрпақ, тегі мықты адам» деген сөз. Қаған тағына әулеттің ішінен ең мықты тұңғыш ұлы /oγul/ немесе іні туыстары /ini, jigen, čїqan / отырған. Көне түрік бітіктастарда Kültegin> Күлтегін, Yoluγtegin > Йолұғтегін, Ozmïš tegin > Озмыш тегін, El Čur tegin > Ел чұр тегін, Toŋra tegin > Тонра тегін деп кездеседі. Бұл тегіндердің барлығы қаған әулетінен. Тегіндер қағанның заңды мұрагері ретінде йабғұ, шадтармен бірге жорыққа қатысу, әскери-саяси әрекеттерге тікелей араласу және т.б. істерді атқарған. Көне моңғол тілінде čigin > чигин //жигин тұлғасында сақталынған, Börü+tegin > Böritіgin > Boržiγin Бөрітегін > Боржығын /Боржигин/ деп кездеседі. Шыңғыс қағанның арғы аталарының аты да тегіндермен байланысты аталған. |
Мәлімет қорынан қара |
Мына ескерткіштерде осы сөз кездеседі |
Күлтегiн ғұрыптық кешені және бiтiктасы |
14 |
|
| Күлтегіннің: алтынының: күмісінің: жібегінің: барлығының төр...мал қарасын: жоқтауым: тұяғы (жылқысы): ...бұ...бегім: тегін: жоғары: Тәңірі: ... тас: бітікледім: Йоллығтегін:... | | Külteginiŋ: altunïn: kümüšin: aγïšïn: barïmïn ...qarasïn: yoγïma: tuyuγut: ..bu ...begim: tegin: jügürü: Teŋі/ri ...taš:bitidim: Jolluγ tegin:.... | Бiлге қаған ғұрыптық кешені және бітіктасы |
14 |
|
| qaγan: učduqda: özüm: sekiz yašda: qaldïm: ol törüde: üze: ečüm qaγan: olurtï: olurupan: Türük: budunïγ: ječe: itdim: ječe: igti: čïγaŋïγ: bayqïltï: azïγ üküš: qïltï: ečüm qaγan: olurtïqda: özüm: tegin:/eriklig ...Teŋiri: yarïlqadï: ermiš erinč:
| | қаған: ұшқанда: өзім: сегіз жаста: қалдым: ол төрелікте: үстінде: атам қаған: отырды: отырып: Түрік: бүтін (халық)ты: жекеше (жақсы): еттім: жекеше: жетілдірді: шығайды: бай: қылды: азды: өңшең көп: қылды: атам қаған: отырғанда: өзім: тегін: ерікті... Тәңірі: жарылқады: еткен екен:
|
|
Этномәдени сөздікпен қатар Түрік бітік мәтін қорында көне түрік-қазақ сөздігі бар.
|
|
|
|
|
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы
"Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды.
Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.
|
|