Чаа-Холь V, Е 17 515
Ұлық-Кемнің сол ағысы бойынша, Кемчик өзенінің сағасынан 25 км жоғарыда орналасқан Чаа-қол өзені маңындағы жазықтан бір топ бітіктастар табылған. Қазіргі уақытта ол жер Саян-Шушенск ГЭС-інің су қоймасының астында қалған. Аталмыш топ ескерткіш, Е 15-тен басқасы музейлерде сақтаулы.
Бұл бітіктастың табылған жері Ұлық-Кемнiң сол ағысы бойынша Чаа-Қол сағасынан 8 км жерде.
СТЭАН қызметкерлері ескерткішті Қызыл қаласына жеткізіп, 1973 ж Тува Музейіне жеткізген.
Бітіктас ақшыл сұр сланецтен жасалған. Көлденең қимасы созылыңқы төртбұрыш. Бітіктас ұшына қарай сүйірленіп келген. Тастың беті тегістелген. Қырлары анық. Тас екіге жарылып кеткен.
Жіңішке бүйір жағына қашалған 2 және 3 мәтін жолдары бір сызықтың бойында анық бітіктелген. 3 жол тігінен тастың екі жағына қашалған. 1-жолдың астында таңба бар. 2 және 3 мәтін жолдарының төменгі жағында түрік бітік графемасы түрінде жасалған ортақ белгі бар.
Биіктігі – 159 см, ұзындығы – 32 см, ені – 12 см
1888 ж Сафьяновтың сілтеуімен Аспелин тапқан. 1889 ж Гейкел көшірмесін жасаған 121 (I, XIV). Кейінгі зерттеулер осы көшірмеге сүйенеді. Мәтіндік зерттеулерін С.Е.Малов513, H.N.Orkun512, И.А.Батманов511 және басқалар жасады.