қазрусeng
:
:
  Ташеба (e-40) бітіктастағы мәтін

Ташеба (e-40) бітіктастағы мәтін


Ескерткіш қазіргі Абакан қаласының оңтүстік-батысы маңындағы Ташеба чаа тасынан табылған.

1896-1897 жж Адрианов Минусинск музейіне әкелген. Инв. № 43. 1973 - 1975 жж музейден ескерткіш табылмаған515.


Сұр құмдақ құлпы тас. 1 жолдан тұратын мәтін тігінен қашалған. Мәтіннің ортасында бол орын қалған. Оңнан солға оқылады.


Биіктігі - 112 см, ұзындығы - 35 см, ені - 11 см


1889 ж Хейкел тапқан.

1.Васильев Д.Д. Памятники тюркской рунической письменности азиатского ареала. //Советская тюркология, 1976. – № 1. – С.71-81.
Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.