қазрусeng
:
:
  Жұбан төбеден табылған тас құралдағы мәтін

Жұбан төбеден табылған тас құралдағы мәтін

IX-X ғасырларға қатысты


«Жұбан-төбе жазуы», «Талас руникалық жазуы»


Тараз (б.Жамбыл) қаласынан 15 км батыста Жұбан-төбе калашығынан табылған.

Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі. КП № 20488


Тас құралдың сынық тұсына қарсы жиегiнде 1 жол мәтін қашалған. Таңба-әріп тереңдігі- 0,1 см.

6 таңба (?), биіктігі – 0,6 -1,5 см.


11,7 х 5,2 х 4,8 см.


1987 ж. К.М. Байпаков472 басқарған экспедиция тапқан. Мәтіндік зерттеуін С.Г. Кляшторный473, А.С. Аманжолов474 жасады.

Тас құралдағы мәтін жайында А.С.Аманжоловтың транскрипциясы мен орысша, қазақша аудармасы:

1. Ab albaγ – Охота (на диких зверей) - развлечение

1. Аң аулау.

Тас құралдағы мәтін жайында С.Г.Кляшторныйдың транскрипциясы мен орысша аудармасы:

1. Atlaγ – Атлақ (букв: место переправы).


  Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" //"Қазақстан тарихы түркі тілді деректемелерде" атты сериясы бойынша. II том. - Алматы: Дайк-пресс, 2005. - Б.243.

Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.