қазрусeng
:
:
  "Зүрх уул" (Жүрек тауы) тауындағы түрік бітік мәтін

"Зүрх уул" (Жүрек тауы) тауындағы түрік бітік мәтін


Бұл жазу Баян-Өлгей аймағының Ногоон нуур сұмынынан 36,5 км жерде Зурх уул (Жүрек тауы) деген таудың жалпақ бетті жартаста қашалған.

Табылған орнында.


Түрік бітік таутеке т.б. аңдардың суреттерімен қатар орналасқан. Баян-Өлгей аймағындағы көне түрік дәуіріне қатысты табылған алғашқы жазу болып табылады.

10 таңба әріптен тұрады.


1989 ж. "Моңғолияның археологиялық картасын" жасау мақсатында далалық зерттеуде жүрген кезде археолог Д.Баяр, Д.Эрдэнэбаатар тапқан621.

Моңғолиялық ғалым Ц.Баттулга622 бұл жазуды "Asam ulu bitigim - Ұлы бітігім, ес жолдасым" деп оқыды.

Электронды тарихи-мәдени қордың негізі "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасының "Шығыстану секциясы" Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты тарапынан 2005 жарияланған "Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері" сериясының 2-томы "Н.Базылхан "Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері (Орхон, Ениесей, Талас)" Алматы: Дайк-Пресс. 2005, 252 б. +144 бет жапсырма" атты ғылыми еңбек болды. Ғылыми редакторлары: т.ғ.д., проф. М.Қ.Әбусейтова,
ф.ғ.д., проф.Б.Бұхатұлы.
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры т.ғ.д., проф. Меруерт Қуатқызы Әбусейтоваға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреміз.


қазрусeng
© Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университет.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті тапсырысы бойынша жүргізілген
"Жазба және этноархеологиялық деректемелер бойынша қазақ тілінің тарихи-мәдени ақпарат көздерін жасау" жұмысы шеңберінде жасалған.